К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет43/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу шаралары. Етқоректi жануарларды описторхоздан 
зақымданудан сақтау үшiн ит, мысық терiсi бағалы аңдарды шикi, қақталған 
балықпен азықтандыруға болмайды. Аса қауiптi – Обь, Ертiс, Едiл өзендердiң 
балықтары.
Қоғамдық профилактика суаттардың нәжiспен лайланбауын қадағалайды. 
Балық аулайтын флотта жапқыш жиыстырғыштарды жабдықтау керек. Бұдан 
басқа, кәсiпшiлiктiң жағдайын жақсартуда санитарлық талаптарды сақтау 
керек: халықтың гельминтологиялық сауаттылығын көтеру, әсiресе 
балықшылардың, аңшылардың, балық зауты персоналдарының, балық 
аулайтын флоттың. 
Описторхоз ауруы бар жерде адам шикi, шала пiсiрiлген немесе 
қуырылған, сонымен қатар аз тұздалған түрiнде балықты жеуден бас тарту 
керек. Метацеркарийлері бар қатырылған (-12 градус) балық еті қоздырушыны 
толық жоймайды. Адамдар шикі, шала піскен немесе ысталған балық етін жеуді 
шектуі шарт. Балық аулайтын флотилияларда биодәретханалар орнату, оларды 
тек порттарда арнайы орындарда босату шаралары қарастырылады. 
 
 
2.10 Ориентобильхарциоз 
 
Ориентобильхарциоз - Oricnthobilharzia тұқымына, Schistosomatida 
отрядына жататын трематодалардан туындайтын iрi қара мал, ешкi, қойдың 
ошақты ауруы. Бұл бөлек жынысты трематодалар, олар жыныстық жетiлуде 
омыртқалы жануарлардың қандарында - шажырқай, бауыр, ұйқы безi, iшектiң 
кiлегей асты қабығының тамырында болады. 
Қоздырушысы – O. turkestanica. Аталығының ұзындығы 6,4-12,9 мм 
және көлемi 0,48-0,64 мм. Ауыз емiзiкшесi дөнгелек, ендерi ұзыншалы сопақ 
жиындi, саны 78-80, iшек бөлiгiнiң арасында екi қатарда орналасқан. 
Аналығының 4,8-6,8 мм және көлемi 0,08-0,14 мм. емiзiктерi рудиментарлы. 
Жатырда бiр жұмыртқасы созылған – сопақша пiшiндi, әр полюсiнде бiр 
түртiктерден болады: бiреуiнiң түрi жеңiл иiлген өсiндi сияқты ал басқасы – 


54 
7 сурет. Oriеntobilharzia turkestanica 
жұмыртқа денесiнiң шетiнде қисайған қосалқы сияқты. Жетiлген 
жұмыртқалардың ұзындығы
0,13-0,14 мм және көлемi 0,04-
0,04 мм; оларда қозғалмалы мирацидий 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет