Сімдіктер экологиясы



Pdf көрінісі
бет52/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

 
Анықтаушы 
ӛсімдіктер – индикаторные 
растения. 
Ӛсімдіктердің жер бетінде (топырақта) таралуына карап, сыртқы 
ортадағы жағдайларды сапалық және сан жағынан анықтау. 
 
Антропогендік факторлар – антропогенные факторы. 
Адамзат тіршілігінің тірі организмдерге (ӛсімдіктерге, жануар-
лар мен жәндіктерге, микроорганизмдерге) әсері.  
 
Ареал – ареал. Биологиялық түрлер немесе популяция ӛмір 
бойы тіршілік ететін кеңістік. 


88 
 
Ассимиляция – ассимиляция. Организмдердің сыртқы 
ортадан заттарды қабылдап, сіңіріп, ӛздеріне тән күрделі орга-
никалық заттарды синтездеуі. Бұл процесс энергия пайдалану 
арқылы жүреді. 
 
Атмосфера – атмосфера. Жер ғаламшарының тұтасқан ауа 
қабығы. Ол газдар қосындысынан, су буларынан, шаң бӛлшекте-
рінен тұрады. 
 
Ауру қоздырғыш – возбудитель болезни. Ӛсімдіктер, 
жануарлар мен жәндіктер организмінде ауру тудыратын орга-
низмдер (вирус, бактерия, саңырауқұлақтар т.б.). 
 
Аутэкология (даралар экологиясы) – аутэкология. Жеке 
(дара) организмдердің қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатына-
сын зерттейтін экология ғылымы саласы.  
 
Ацидофилдер – ацидофилы. Топырақтағы рН 6,7 кӛрсет-
кішінен жоғарылау жағдайында тіршілік ететін организмдер.  
 
Ашу, ашыту – брожение. Кейбір микроорганизмдер мен 
саңырауқұлақтардың оттегі жоқ ортада тіршілігінің энергия кӛзі 
болып табылатын тотығу-тотықсыздану реакцияларының жиын-
тығы. 
 
Аэробтар – аэробы. Тек оттегі бар ортада тіршілік ететін 
организмдер (ӛсімдіктер, жануарлар, кейбір бактериялар мен 
саңырауқұлақтар). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет