Ксерофиттер – ксерофиты. Аптап ыстыққа және ұлпала-
рының сусыздануына тӛзімді, қуаңшылық аймақтарда тіршілік
ететін ӛсімдіктер. Оларға – суккуленттер және склерофиттер
жатады.
К-стратегтер (К-тҥрлер, К-популяциялар) – К-стратеги
(К-виды, К-популяции) – баяу кӛбейетін, бірақ бәсекелестікке
қабілетті даралардан құралған популяциялар (адамдар, ағашты
ӛсімдіктер, пілдер, т.б.).
Қоректенудің автотрофты жолы – автотрофный способ
питания. Күн энергиясы немесе химиялық энергия жәрдемімен
органикалық емес заттардан органикалық қосындылардың
түзілуі.
Қоршаған орта жағдайын бақылау – контроль состоя-
ния окружающей среды. Қоршаған орта (су, ауа, топырак, т.б.)
сапасы кӛрсеткіштерінің белгіленген норма мен талаптарға
сәйкестігін тексеру.
Қоршаған орта мониторингі (экологиялық мониторинг)
– мониторинг окружающей среды (экологический монито-
ринг). Адам баласын қоршаған ортаны бақылап бағалау және
болашаққа болжамдар жасау. Олар әртүрлі: базалық (фондық)
мониторинг – табиғи жағдайда адамдардың қатысуынсыз жүре-
тін табиғи құбылыстар мен процестерді бақылау; импакты мо-
ниторинг – ӛте қатерлі аймақтарда антропогендік әсерлер салда-
рын бақылау; глобальді мониторинг – әлемдік биосфералық
процестер мен құбылыстардың (мысалы, озон қабатының жағда-
йы, климаттың ӛзгеруі) дамуын зерттеп бақылау; региональды
мониторинг – белгілі аумақтағы, региондағы табиғи және ант-
ропогендік әсер нәтижесінде туындаған құбылыстар мен үдеріс-
терді бақылау (мысалы, Арал және Балқаш теңіздерінің жағда-
йы); локальді мониторинг – үлкен емес территория жағдайын
бақылау (мысалы, Алматы, Ӛскемен қалаларының ауасының
ластануын зерттеп тексеру).
Ластану – загрязнение. Қоршаған ортаға зиянды химия-
лық, физикалық, биологиялық заттардың енуі, түсуі. Ластану
табиғи себептер арқылы немесе адамзат тіршілігі нәтижесінде
болады.
|