Сімдіктер экологиясы


Әкшіл ӛсімдіктер – кальцефильные растения



Pdf көрінісі
бет53/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

 
Әкшіл ӛсімдіктер – кальцефильные растения. Кальциі 
мол, сондай-ақ әк, бор және басқа карбонатты жыныстар шыға-
тын аймақтарда ӛсіп-ӛнетін ӛсімдіктер. 
 
Базифильды ӛсімдіктер – базифильные растения. Топы-
рақтары сілтілі болып келетін шӛл және шӛлейт далада ӛсетін 
кӛптеген ӛсімдік түрлері. 
 
Бейімделу – адаптация. Организмдердің эволюциясы про-
цесінде қалыптасқан сыртқы орта жағдайына бейімделуі. Мор-
фологиялық бейімделу – организмнің құрылысы мен атқаратын 
қызметінің тіршілік жағдайларына бейімделуі (мысалы, шӛл да-
ла ӛсімдіктері жапырақтарының ӛзгеруі). Физиологиялық бейім-
делу – организмдегі физиологиялық ӛзгерістер (мысалы, түйе-
лердің ӛркешіндегі майларды тотықтандырып, ыдырату арқылы 
организмді белгілі мӛлшерде сумен жабдықтау, қамтамасыз 
ету).


89 
 
Биогенді заттар – биогенные вещества. Тірі организмдер-
дің тіршілігі нәтижесінде пайда болған ӛлі заттар (кейбір шӛгін-
ді жыныстар, сондай-ақ мұнай, газ, тас кӛмір, атмосферадағы 
оттегі, т.б.)  
 
Биогенді элементтер – биогенные элементы. Организм-
дердің тіршілік үшін қажетті құрамдас бӛлігі болып табылатын 
химиялық элементтер. Оларға – кӛміртегі, оттегі, сутегі, азот, 
күкірт, фосфор және т.б. жатады. 
 
Биогеоценоз – биогеоценоз. Тірі организмдердің қауым-
дастығы (биоценоздар) мен биотоптардың (атмосфера, гидро-
сфера, топырақ) динамикалық бірлестігі. Олар белгілі террито-
рияда (аумақта) тіршілік етіп, зат және энергия алмасу процесте-
рі арқылы бірегей табиғи комплекс (кешен) құрайды.  
 
Биоиндикаторлар – биоиндикаторы. Тірі организмдер-
дің болуы, жағдайы және мінез құлқы арқылы қоршаған орта-
ның ӛзгеруін анықтау.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет