Ластаушы – загрязнитель. Қоршаған ортаға келіп түсетін,
енетін табиғи немесе антропогендік заттар. Зиянды заттар шыға-
ратын кәсіпорын, мекеме, нысандарды – ластаушылар деп
атайды.
Лимиттеуші (шектеуші) фактор – лимитирующий (огра-
ничивающий) фактор. Биологиялық түрлердің тӛзімділік ше-
гінен асатын экологиялық факторлардың сандық кӛрсеткіштері.
Лимникалық аймақ – лимническая зона. Күн сәулесінің
тек 1%-ы ғана ӛтіп жететін және фотосинтез процесі күрт баяу-
лап тоқтайтын су тереңдігі.
Литоральды аймақ – литоральная зона. Күн сәулесі түбі-
не дейін жететін су қалыңдығы, тереңдігі.
Литосфера – литосфера. Жердің сыртқы қатты қабығы,
оған жер қыртысы және мантияның жоғарғы қатты қабаты
кіреді.
Литофиттер – литофиты. Тастың және жартастардың үс-
тінде немесе олардың жарықшақтарында орналасып, ӛсіп дами-
тын ӛсімдіктер.
Мезотрофтар – мезотрофы. Күл элементтерін орташа мӛл-
шерде талап ететін ӛсімдіктер.
Мезофиттер – мезофиты. Орташа деңгейде ылғалданған
жерлерде ӛсіп дамитын ӛсімдіктер. Мәдени ӛсімдіктердің кӛп-
шілігі осы топқа жатады.
Мемлекеттік табиғи қорықтар – государственные при-
родные заповедники. Табиғи кешендерді бұрынғы қалпында
сақтау үшін шаруашылыққа пайдаланудан алынған территория-
лар мен акваториялар.
Мемлекеттік стандарт – государственный стандарт
(ГОСТ). Комплексті нормаларды, ережелерді, талаптарды бел-
гілейтін нормативті-техникалық құжат.
Миксотрофтар – миксотрофы. Органикалық емес заттар-
дан органикалық қосындылар түзе алатын, сонымен бірге дайын
органикалық қосындылармен қоректене алатын организмдер
(насекомдармен қоректенетін ӛсімдіктер, кейбір эвглен балдыр-
лары, т.б.).
Минерализациялану – минерализация. Органикалық қал-
дықтардың органикалық емес заттарға айналуы.
|