Популяция – популяция. Бір-бірімен еркін шағылыса ала-
тын, шығу тегі бір, белгілі ареалда (аумақта) ұзақ уақыт бойы
ӛмір сүріп, тарихи қалыптасқан, бір биологиялық түрге жататын
дербес (жеке) организмдер жиынтығы, тобы.
Популяцияның генетикалық қҧрылымы – генетическая
структура популяции. Популяциядағы әртүрлі генотиптер мен
аллельдердің арақатынасы.
Популяция генефонды – генефонд популяции. Популя-
циядағы барлық даралар гендерінің жиынтығы.
Популяцияның жастық қҧрамы – возрастной состав по-
пуляции. Популяция ішіндегі әртүрлі жастағы топтардың ара-
қатынасы.
Популяцияның жыныстық қҧрамы – половой состав по-
пуляции. Популяция ішіндегі аталық және аналық жынысты
даралардың арақатынасы.
Популяцияның ӛсу жылдамдығы – скорость роста попу-
ляции. Белгілі уақыт (1 сағат, 1 күн, 1 жыл) ішінде популяция
санының ӛзгерістері. Бұл туылу және ӛлім санының арақатына-
сына байланысты.
Популяция қҧрамы – структура популяции. Популяция
ішіндегі даралардың жыныстық белгісі, жасы, дене кӛлемі, гено-
типі бойынша құрамы, территорияда таралып орналасуы, т.б.
Продуценттер – продуценты. Яғни, ӛндірушілер, фотосин-
тез немесе хомосинтез процестері арқылы органикалық емес
заттардан (СО
2
, Н
2
О) органикалық заттар түзе алатын автотроф-
ты организмдер (фотосинтездеуші ӛсімдіктер, автотрофты бак-
териялар).
Псаммофиттер – псаммофиты. Сусымалы құмды жерлер-
де ӛсетін ӛсімдіктер.
Ризосфералық флора – ризосферная флора. Тамыр айма-
ғындағы топырақта тіршілік ететін бактериялар, актиномицет-
тер, саңырауқұлақтар.
r-стратегтер (r-тҥрлер, r-популяциялар) – r-стратеги (r-
виды, r-популяции). Ӛте тез ӛсіп кӛбейетін, бірақ бәсекелес-
тікке қабілетсіз даралар, организмдер (бактериялар, ӛсімдік біте-
сі, бір жылдық ӛсімдіктер, т.б.).
101
Достарыңызбен бөлісу: |