Сімдіктер экологиясы


Педосфера (топырақ қабаты) – педосфера (почвенный



Pdf көрінісі
бет64/77
Дата06.12.2023
өлшемі1.9 Mb.
#485658
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ

Педосфера (топырақ қабаты) – педосфера (почвенный 
покров). Үгітілген тау жыныстары мен ӛсімдік және жануарлар 
қалдықтарының толық емес шіріп, ыдырап байланысуы, қосы-
лысуы нәтижесінде пайда болған жердің үстіңгі қабаты. 
Пелагиаль пелагиаль. Мұхиттар мен теңіздердің су 
қабаты. 
Пессимум (теріс әсер аймағы) – пессимум (зона угнете-
ния). Организмдердің тіршілік әрекетінің күрт нашарлайтын, 
яғни теріс әсер ететін экологиялық факторлардың мӛлшері, ай-
мағы, зонасы. 
Пирамида биомассалық – пирамида биомасс. Әртүрлі қа-
тардағы продуценттер мен консументтердің арақатынасын био-
масса бірлігімен сипатталатын графикалық суреттемесі. Құры-
лық жағдайда әрбір келесі трофикалық деңгейдегі биомассаның 
ӛзгеруі жоғары қарай жіңішкереді, азаяды, ал мұхиттар мен те-
ңіздерде – керісінше суреттеледі. 
Пирамида сандық – пирамида чисел (Элтона). Әртүрлі 
қатардағы продуценттер мен консументтердің арақатынасын 
даралар санымен сипатталатын графикалық суреттемесі. Дара-
лар саны трофикалық тізбек бойынша продуценттерден консу-
менттерге қарай азаяды. 
Пирамида энергиялық (ӛнім) – пирамида энергии (про-
дукции). Әртүрлі қатардағы продуценттер мен консументтер-
дің арақатынасын тірі заттар биомассасында жинақталған энер-
гия бірлігімен сипатталған графикалық суреттемесі. Әрбір тро-
фикалық деңгейден келесісіне ӛткенде биомассада жинақталған 
энергия азаяды және бұл барлық тірі организмдерге қатысты 
заңдылық.
Планктон – планктон. Бұлар негізінен су ағынымен пас-
сивті (баяу) қозғалатын организмдер (бір клеткалы балдырлар, 
бір клеткалы жәндіктер, шаяндар, медузалар, т.б.). Олар фито-
планктон және зоопланктон болып бӛлінеді. 
Пойкилотермді организмдер – пойкилотермные организ-
мы. Денесінің температурасын тұрақты ұстап тұра алмайтын 
организмдер (микроорганизмдер, ӛсімдіктер, омыртқасыздар, 
тӛменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар). 


100 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет