Минимум заңы – закон минимума. Егін шаруашылы-
ғында тыңайтқыштарды пайдалануға байланысты алғаш Либих
жасаған заң.
Мозайкалық – мозаичность. Биоценоздың горизонтальді
құрылымы.
Мутагендер – мутагены. Мутация туындататын фактор-
лар (ультра-күлгін, рентген, гамма сәулелері, тӛмен немесе жо-
ғары температура, азот қышқылы, кейбір вирустар, т.б.).
Нейтрализм – нейтрализм. Бір аумақта (территорияда) екі
түрдің бірлесіп ӛмір сүруі, бірақ бір-біріне теріс немесе оң әсер
етпейді. (Мысалы, жиделі тоғайлардағы торғайлар мен сауыс-
қандар).
Нейтрофильдер – нейтрофилы. Топырақтың рН=6,7-7,0
бейтарап жағдайда ӛсетін ӛсімдіктер.
Нитрофильдер – нитрофилы. Азот қосындыларына, негі-
зінен нитрат, аммоний тұздарына бай топырақтарда жақсы
ӛсетін ӛсімдіктер.
Нитрофобты ӛсімдіктер – нитрофобные растения. Азоты
аз топырақтарда ӛсетін ӛсімдіктер.
Ноосфера – ноосфера. Адамзаттың ақыл-ойы нәтижесінде
ғылым мен техниканы дамытып, биосфера ең жоғарғы стадиясы
ноосфера кезеңіне ӛтеді.
«Озон тесігі» – «озоновая дыра». Озоносферадағы үлкен
кеңістікте озон мӛлшері ӛте аз (50%-ға дейін азайған) қабаттың
пайда болуы.
Озоносфера – озоносфера. 20-25 км биіктікте орналасқан,
озон концентрациясы ең кӛп мӛлшерде болатын атмосфера
қабаты.
Олиготрофтар – олиготрофы. Құнарсыз, күл элементтері
аз топырақтарда ӛсетін ӛсімдіктер.
Оптимум аймағы – зона оптимума. Организдер тіршілігі
қалыпты, жақсы ӛсіп дамитын экологиялық факторлар мӛлшері.
Организмдердің тіршілік формалары – жизненная фор-
ма организмов. Нақты ӛмір сүру жағдайына және белгілі тірші-
лік сипатына ӛсімдіктер мен жануарлардың бейімделуінің мор-
фологиялық типтері (түрлері).
|