Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет11/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   98
 
4-тапсырма
. Мәтінді оқып, автордың ойын жал ғастыр. Дауыс интона-
циясына, оқылу әуеніне мән бер. Мәтін бойынша сұрақ құрастырып, 
жауапта рыңды дәлелде. 
Интонация – дауыс ырғағы. Түрлі интонация мен айтылған әр 
сөйлем әртүрлі мағына береді. 
«Интонация» термині латынның 
«қатты сөйлеу» деген сөзінен шыққан. 
Интонация айтылған пікірлердің мағыналық және эмоциялық 
айырмашылығын көрсетеді, сөйлеуші лер дің көңіл күйін, олардың 
әңгіме тақырыбына, бір-біріне деген көзқарасын білдіреді.
Интонация лексикалық құрылым, синтаксистік қатар мен 
фразаның стильдік ерекшелігін танытып, дыбыстық әрі негізгі 
әуеннің, дауыс пен ырғақтың, кідіріс пен екпіннің өзгеруі мен та-
нылады. 
Әр халықтың сөйлеу интонациясына сәйкес өзіне тән ішкі 
ерекшелігі бар. Олар: 
әуен, әуез, (тембр), қарқын, ұзақтылық, 
кідіріс
Тілдік бағдар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


15
Кімнің Отаны болса, сол халық болады
(Үзінді) 
Қазақтың «кіндік қаны тамған жер» деген сөзі – қасиет ті ұғым. 
«Туған жер», «Атамекен» – адамзаттың өшпес ма хаббатының символы, 
кез келген халық үшін қасиетті ұғым. Ол барлық халық әндеріне, аңыз-
әңгімелерге, дас тандарға арқау болып келеді. «Атамекен – алтын бесік» 
жыры – адам баласының құдіретті әуені. Ол әрбір адамның қанымен 
бері леді. Адам осы жерде өмірге келіп, осы жерде өмірден өтетінін ежел-
ден түйсіне білді. Бұл – заңды да әділ қағидат. Болмыстың мәңгілік ай-
налымы осындай. Бұл – ата-бабаңның адал тері мен кіндік қаны тамған 
сенің жерің. Сондықтан да ол саған қымбат. Оны туған анаңдай риясыз 
жақсы көресің, Muttererde – Жер-Ана дейміз. 
Отан дегеніміз не? Бәрін бір ауыз сөзбен жеткізе алуымыз қиын 
шығар. Ол – махаббат сияқты ғаламат ұғым. Ол – өлшеусіз құндылық. 
Мен мынадай ақиқатқа көз жеткіздім: Отан дегеніміз – сенің өткенің, 
қазіргің және болашағың. Отан нан тыс өмір сүру – тек қазіргі өмірің 
ғана, өткенің, бола шағың жоқ. Тегінде, кімнің Отаны болса, сол ғана 
халық, қалғандары – ел-жұрт.
(Герольд Бельгер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет