17
Бұл
дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген,
қадірлемеген адам толық
мәнді интеллигент емес деуге болады. Себебі онда қандай мамандықтың
білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. Ана
тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды.
(Мұхтар Әуезов)
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмы ту – бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
(Бауыржан Момышұлы)
10-тапсырма. Төменде
берілген мәтіннің авторын, шығар ма ның атын
тап. Жазушының ойын өз пікіріңмен жал ғас тырып, мәселені құндылық
тұрғысынан дәлелдеп жаз.
Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді. Мысырда болдым – Мысыр
түсіме кірмеді. Қытай,
Моңғолия, Үндістан, Пәкстан, Иранға бардым.
Мұхиттың арғы бетіндегі Техаста, Чикагода, Нью-Йоркте болдым – олар
да түсіме кірмеді. Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – оны да түсімде
көрмедім. Түсімде ылғи балалық шағымды көрдім. Түсіме күн сайын
Мыңбұлақ кіреді. Түсімде Ақсу-Жабағылыны көремін. Түсімде ылғи
туған үйімді көремін.
Достарыңызбен бөлісу: