Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет12/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98
 
5-тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқып, дауыс ырғағыңа мән бер. Ең басты 
құндылықтарға назар аудар. Сен үшін адамзаттық құндылыққа не жата-
ды? Өз жауабыңды автор көзқарасымен салыстырып, байланыстырып айт.
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


16
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.
(Мұхтар Шаханов)
 
6-тапсырма. Сөйлемдегі ойды жалғастырып, мәдениет туралы өз пікіріңді 
жаз. Интонация түрлерін анықта. 
Мәдениет дегеніміз – адамдардың өмірі мен іс-әрекетінен, олардың 
материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен 
адамның белгілі бір тарихи даму дәрежесі.
 
7-тапсырма. «Адамзаттық құндылықтар» тақырыбына тө мендегі сөйлем-
дерді қолданып, пікірлесіңдер. Сөйлеу интонациясына мән беріңдер.
1. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, құрмет – азаматтықтың 
көрінісі.
2. Елін, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінімен, 
бүгінгісін ертеңімен жалғастыра алады.
3. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне 
адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. 
4. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне, игілігіне 
жұмсайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет