53
Бұл – Қорқыт ата жерленген өңірге таяу тұрған жер. Қателеспепті.
Бірнеше ондаған ғарыш айлағы ішінде
Байқоңыр өзінің орналасуы
бойынша ең қолайлысы деп табылды. Ол экваторға әжептәуір жақын
орналасқан. Механиканың заңы бойынша ғарышқа ұшыру үшін отын аз
жұмсалатын көрінеді. Сонымен бірге Байқоңырдың экваторда орналасқан
ғарыш айлақтарынан ерекшелігі – мұнда жауын-шашын жоқтың қасы.
Күн жылдың 300 күнінде жарқырап тұрады.
Шынында, Байқоңыр дүниежүзі ғарышкерлігінің бесігіне,
ғарыш
орталығына, адамдар ғарышқа аттанатын Жердің айлағына айналды.
Дәл осы жерде,
қазақ жерінде, олар ғарышкер атанды...
(Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстан жолы»)
6-тапсырма. Төменде берілген мәтінді сөз тіркестерін қатыстырып, жалғас-
тырып жаз.
Астронавт – ғарыш кемесін жүргізуге немесе ғарышқа саяхат жасауға
және сонда жұмыс істеуге маманданған адам. «Астронавт» сөзін НАСА
1958 жылдың желтоқсанында сол кезде
өздері ғарышқа ұшуға дайын-
дап жатқан адамдарды атау үшін пайдаланды. Орыстар мен қытайлар
ғарышқа сапар шегетін адамдарды «космонавт» және «тайконавт» деп, ал
француздар осы мағынада «астронавт» немесе «спатионавт» деп атайды.
Ал қазақтар ғарышқа сапар шегетін адам дарды «ғарышкер» деп атайды.
(«Ғалам» энциклопедиясынан)
7-тапсырма. Төмендегі суреттер бойынша «Ғарыш жаңалық тары» тақы-
рыбына
тезис құрастырып жаз
.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217