Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет34/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   98
 
5-тапсырмаБерілген суретті пайдаланып, «Ғарыш әлемі және ғарышкер-
лер» тақырыбында диалог құрастырыңдар
Сөз тіркестеріне мән беріңдер.
 
6-тапсырма. Екі топқа бөлініңдер. 1-топ – «Алғашқы ға рыш кер», 2-топ 
«Қазақстанның тұңғыш ғарышкері» тақыры бын да мәтін құрастырыңдар. 
Алынған мәліметтерге сілтеме жасаңдар.
 
 
7-тапсырма. «Шоқжұлдыздар және жұлдызнама» тақыры бында мақала 
немесе жинақы мәтін жаз. Жай және күрделі сөз тіркестерін қолдан және 
сыныптасыңа ереже бойынша дәлелде. 
 
8-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тауып жаз. Шешуіндегі атаулар тура-
лы материалдар жина. Сөз тіркестерін тап.
1. Бір тілім болып туады,
Күннен-күнге толады,
Дөп-дөңгелек болады.
(...)
2. Көкжиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым кең керіп.
(...)
3. Басшысы жалғыз,
Сақшысы сан жүз.
(...)
4–3505
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


50
4. Үй үстінде ұсақ тас, 
Алайын десем, табылмас.
(...)
5. Бір түкті кілем, бір түксіз кілем.
(...)
 
9-тапсырма. БАҚ материалдарындағы «Құс жолы» туралы мақалаларға шолу 
жасап, өз ойыңды жинақтап, сөз тіркестерін қатыстырып, өзіндік болжам 
жаса.
 
10-тапсырма. Берілген мәтіннің баяндалу желісін сақтай оты рып, өз 
ойыңмен жалғастыр. «Он сегіз мың ғалам» туралы жоба жазуды ойлас-
тыр. Сөз тіркестерінің түрлерін анықта.
Аспаннан жарқырап аққан жұлдызды алайық. Ол жол-жөнекей 
орасан мол жылу, жарық таратып, тозаңдарға бөл шектенеді. Бергі ауа 
қабатында жанып бітпеген бөлігі бал қыма тас күйінде жерге құлайды. 
Олар бірте-бірте ұсатылып, жер топырағына айналады.
Әлемдегі жұлдыздар, Күн, Ай, тағы басқа да ғаламшар дүниесі, соның 
біреуі – біздің Жер, оны қоршаған қабаттар, мөлдір ауа, қалқыған бұлт, 
асқар таулар, мұхит-теңіздер, олардағы ірілі-ұсақты жан-жануарлар, 
бәрінен құдіреттісі бүгінгі жасампаз адам баласы, міне – мұның бәрі 
табиғат деген бір-ақ атпен аталады немесе халық тілімен айтқанда, «он 
сегіз мың ғалам» делінеді.

(Н. Аманжолов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет