52
Сөз тіркесі болу үшін сөздер
белгілі заңдылықпен байланысады.
Сөздер бір-бірімен
төрт тәсіл арқылы байланысады:
1) жалғау арқылы; 2) шылау арқылы; 3) орын тәр тібі арқылы; 4) интона-
ция арқылы.
Сөздердің
септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқы лы байланысуы
жалғау
арқылы байланысу деп аталады. М ы с а л ы,
достардың кеңесі, мектепке келу,
ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, көл беті, қарындаш ұштау т.б.
Сөздер
шылау арқылы да байланысады. М ы с а л ы,
досым үшін ұялдым, күн
са йын жаттықты, ата-анасымен бірге барды, гүл мен жапы рақ т.б.
Сөздер бір-бірімен
орын тәртібі арқылы байланысады. М ы с а л ы,
ашық
мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, өткінші жаңбыр,
биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік т.б.
Сөздер
интонация арқылы да байланысады. Мысалы,
Абай – ақын,
Сәбит – жазушы. Мектеп – кеме, білім – теңіз т.б.
4-тапсырма.
Мәтінді оқып, түсінгеніңді айт.
Көте ріл ген мәсе лені өз
ойыңмен жалғастыр.
Сөз тіркестерін тауып айт.
Адамзат баласы ғарышты игеру арқылы көптеген таң ға ларлықтай
жетістікке қол жеткізді. «Байқоңыр» Қа зақ станда орналасқан ғарыш
айлағы ғана емес, ол – адамзат пайдасына жұмыс істеп отырған үлкен
ғылыми-технологиялық кешен. Бүгінгі
ақпараттық қоғамда сіз бен
біз емін-еркін пайдаланып жүрген ғаламтор, радио, телевизия және
өзге де коммуникациялық байланыс желілерінің
жетілуі мен нанотех-
нологиялардың дүниеге келуі – ғарыш мамандарының еңбегі. Қалай десек
те, қоғамдағы кез келген сала – ғарыштық технологиялардың көмегіне
зәру. Қазіргі уақытта астрономия, картография,
геодезия, биология,
география, химия, медицина сияқты күрделі салалардағы жүзеге асыры-
лып жатқан жаңа жобалардың дені – осы ғарыштық зерттеулердің тиімді
нәтижесі. Жердің қойнауын, онда жатқан қазба байлықтарды, теңіз бен
мұхиттардың астын зерттеу үшін де ғарышта жүргізілетін зерттеулер өте
қажет. Сондықтан ғарыш саласын жаһанданған әлемдегі технологиялық
прогрестің локомотиві десек, артық айтпаған болармыз.
(Балалар энциклопедиясынан)
Достарыңызбен бөлісу: