64
Тілдік
бағдар
5-бөлім
БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК. «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА»
ЕНГЕН ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР
1–2-сабақ
«ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН ЖАНУАРЛАР МЕН ӨСІМДІКТЕР
1-тапсырма. Мына
сұрақтарға болжам жасап, жауап бер.
Биоалуантүрлілік дегенді қалай түсінесің?
Қоршаған орта туралы не айтар едің?
Осы мәселе қай пәнде айтылады?
2-тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңда. Тыңдаған мәселе бойынша өзіндік ой
тұжырымда.
3-тапсырма. Тыңдалған мәтіннен ең қажетті ақпараттарды бөліп қарастыр.
Ғылыми және халықаралық
терминдерді орынды қолданып,
сұрақтарға
жауап бер.
1. Биоалуантүрліліктің адам өміріндегі маңызы неде?
2. Биоалуантүрліліктегі тұрақтылық пен экожүйенің ара сындағы бай -
ланысты өз пікіріңмен дәйектеп айт.
3. Мәтіндегі ақпараттарды қазіргі өзекті мәселе ретінде болжап айт.
4. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін мәселелерді ғылыми стильде
атап айт.
Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында
екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. Бас-
Сөйлем мүшелері – сөздердің
мағыналық тұрғыдан
өзара тіркесуі нәтижесінде
синтаксистік қызметте
жұм салатын
сөйлемнің дербес бөлшегі
Тұрлаулы мүшелер (бастауыш,
баяндауыш)
Тұрлаусыз мүшелер
(анықтауыш,
толықтауыш,
пы сық тауыш)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217