62
орбитада мыңдаған Жер серігі ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті,
аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындайды.
Ғарыш аппаратта-
ры Айға және Шолпанға, Марсқа ұшып, түрлі зерттеу жүргізді. Қазіргі
заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты.
2) Ғарыш әлемінің құпиялары ғылымның арқасында ашылып,
адамзат игілігіне қолданыла бастады.
Ғарыш саласындағы зымыран-
тасығыштар, ғарыштық аппараттар мен серіктер сияқты тағы да басқа
күрделі әрі озық ақыл-ойды қажет ететін техникалардың барлығы –
ғылымның жетістігі. Ғылым адамзатқа қанат бітірді,
ғаламат істерге
жетеледі, ғажайып жаңалықтар ашу тетігіне айналып, соның нәтижесінде
адам ғарышқа қадам басты. Ғылымның одан әрі дамуымен қатар, Юрий
Гагарин ғарышқа ұшқан 50 жылдан бері ғарышты зерттеу мен қолдануды
дамыту саласында орасан зор жұмыстар жасалды. Мыңдаған ғылыми-
зерттеу жобалары жүзеге асырылды.
3) Қазақстанның
ғылым мен техникасының дамуын, жетістігін
ғарышқа қадам басқан жолдарынан байқауға болады. 1991 жылы
тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Қазақстан Республикасының
егемендік алуына орай аспан әлеміне аттанды. Онда тұңғыш ғарышкеріміз
Қазақстан аймағындағы атмосфераны және Жер бетін, жұлдызды аспан-
ды бақылады. Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы мен
таралуының ғарыштық суреттері алынды.
4) 1994 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан
ғарышкеріміз Талғат
Мұсабаев сапарға аттанды. Онда Талғат Мұсабаев Қазақстан мен Ресейдің
ғылыми бағдарламасы бойынша тәжірибелер мен зерттеулер жүргізді.
Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы – ғылым мен техника
дамуының баға жетпес жетістігі.
(«Негеш» энциклопедиясынан)
Достарыңызбен бөлісу: