63
8-тапсырма. Қазақ ғарышкерлері туралы деректі фильм түсіру үшін жарна-
ма жаса. Жарнамадан меңгеріле және қабыса байланысқан сөз тіркестерін
жылдам, тез табуды сыныптасыңа ұсын.
9-тапсырма. Төмендегі сұ рақтарға дұрыс әрі тез жауап бер.
1) «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Жер серігі қай жылы ұшы рылды?
2) Тұңғыш ғарышкері Ю. Гагарин қай жылы ұшты?
3) 1961 жылы 6 тамызда ұзағырақ ұшқан екінші ға рыш кер кім?
4) Қазақтың қандай ғарышкерлерін білесің?
5) Күн жүйесінің ғаламшарларын кімдер зерттейді?
6) Күнді неше ғаламшар айналып жүр?
7) Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қандай ретпен орна ласқан?
8) «Байқоңырдан» қандай ғарыш кемелері ұшырылды?
10-тапсырма. Қазақстан ғарышкерлері жайлы әдебиеттен, ақ па раттардан
материалдар
жинақтап, таныстырылым жа са.
Таныстырылымда өзің
лайық деп тапқан сөзге, сөз тіркесіне белгілі бір кідіріс жасауға дағдылан
және басқаларға оның себебін анықтат.
11-тапсырма. Ғарышқа ұшқан жануарлар жайында жинақы мәтін жазың-
дар. Мәтін бойынша таныстырылым жасаңдар. Оны мектептің веб-сайтында
жариялаңдар. Етістікті сөз тіркестерін қолдануға назар аударыңдар.
12-тапсырма. Төмендегі сөйлемді қолданып, диалог құрасты рыңдар. Нақты
деректерді
БАҚ материалдарынан, ғаламтордан іздестіріңдер.
Диалогте
қолданған сөз тіркестерін айтыңдар.
Ғарыш кеңістігінде Жер шарын айналып ұшып жүрген
Жер се-
ріктерін Астана маңындағы «Ақкөл»
респуб ликалық ғарыштық бай-
ланыс орталығы бақылап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: