Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет5/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Біріккен 
сөздер
М ы с а л ы :
Жетісу, Ақорда
Қос 
сөздер 
М ы с а л ы : 
үлкен-кіші, 
аяқ-табақ
Қысқарған 
сөздер 
М ы с а л ы : 
ТМД, БҰҰ
Тіркесті 
сөздер 
М ы с а л ы :
шұбар ат, қара 
көк, жүз бес
Тілдік бағдар
Күрделі сөздер
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


7
 
3-тапсырма. Тіл тазалығын сақтау жолдарын қарастырып, төмендегі 
сұрақтарға жауап бер.
1) Көне түркі ескерткіштерінің зерттелуі қаншалықты маңызды?
2) Тілді қолданудың өзіндік талаптары бар ма? 
3) Әркімнің өз бетінше сөйлей беруі сөздің мағынасына әсер ете ме? 
4) Тіл тазалығын қалай сақтап қалуға болады? 
 
4-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрыңдар.
Азамат үшін өз өмірін өрелі мақсат жолында сарп етуден артық 
мұрат жоқ. Азаматтық белсенділік тек елдің алдымен білегін түріп шыға 
келетін елгезектік емес, ол – бүгінгі күн пәрменінен ертеңгі келешектің 
көкейтесті мүддесін тапжылтпай танып барып, қайратқа жүгініп, 
әрекетке жүгіретін қапысыз көрегендік. Мұндай өресі биік күресте сара 
ақылмен қоса, салқын сабыр – таптырмас қару. Ұрпақтың ұрпаққа 
қалдырар ең асыл мұрасы – өзі бастан кешкендерден түйген азды-көпті 
рухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым – өзінің келешегінен күдер 
үзген қауым.
 (Әбіш Кекілбаев)
1. Еліңнің тағдыры – өзіңнің тағдырың.
2. Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі.
3. Еліңнің жұты болма, құты бол.
4. Бақ атадан қалған мұра емес.
 (Мырзатай Жолдасбеков)
Зиялылар өз халқына қызмет етудің, халықпен ортақ тіл табыса 
білудің неғұрлым тиімді жолдарын таба білуі тиіс.
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл.
Тіл – халықтың перзенті.
Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси-экономикалық 
және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана 
кіре алады.
(Мұстафа Шоқай)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет