Б. ӘРінова, Қ. Молдасан, А. Байшағырова қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 8



Pdf көрінісі
бет4/98
Дата06.12.2023
өлшемі2.97 Mb.
#485699
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
 
5-тапсырмаТыңдалған мәтіннен көтерілген мәселе негізінде бас әріппен жа-
зылатын күрделі-құрама атауларды қатыстыра отырып, өз пікіріңді жаз.
6-тапсырма. Берілген пікір негізінде өз ойыңды жалғастырып жаз.
Шын мәнінде, ешбір халықта жазу мәдениеті қалыптаспаған кездің 
өзінде біздің бабаларымыз өз тарихын тасқа қашап жазып кеткен.
(Олжас Сүлейменов)
7-тапсырма. Сабақтан алған әсеріңді жаз. Бас әріппен жазылатын күрделі-
құрама атаулардың орфографиялық нормаға сай болуын ескер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


6
3–4-сабақ
ЕНИСЕЙ, ТАЛАС, ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ
 
1-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырып қой. Мә тінді жалғастыр.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне «Күлтегін» және «Тоныкөк» 
жырлары жатады. Бұл жыр түркілердің ерлігін, елдігін дәріптейтін 
тұңғыш батырлар жыры болып саналады. Түркілердің өз елі, жері 
үшін жүргізген соғыстарын атап көрсетеді де, сол жеңістердің оңайға 
түспегені, оған Тоныкөктің ақыл-кеңесімен және ерлік істерімен үлес 
қосқаны суреттеледі. Тоныкөк жырында дидактикалық сарындағы 
қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтелге айналып, халықтық тілге 
біржолата сіңісіп кеткен сөз тіркестері жиі кездеседі. Әсіресе 
Тәңір, 
түркі, бек, бай деген ұғымдар тілімізде күні бүгінге дейін алғашқы 
мағынасында қолданылады. Бұны көне түркі мәдениеті мен бүгінгі 
қазақ мәдениеті сабақтастығының белгісі деуге болады.
(«Қазақтың тәлімдік ойлары» антологиясы)
 
2-тапсырма. Мәтін бойынша жоспар құрастыр.
Күрделі сөз деп кемінде екі я одан да көп дара сөзден құралып, ырғақ 
жағынан бірыңғай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-
грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама 
сөзді айтамыз.
Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет