5
3-тапсырма. Ойды оятуға арналған жаттықтыру сұрақтарына жауап беріп,
тапсырмаларды орында.
• Көне түркі жазбалары туралы қандай мәлімет қосар едің ?
• Тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша өз ойыңды дәйектеп айт.
• Көне жәдігер деген не? Өз анықтамаңды ұсынып кө р.
• Тыңдалған мәтіннен бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атау-
ларды тауып жаз.
4-тапсырма. Берілген мәліметтер бойынша көне түркі жазба ескерткіштерін
тұңғыш зерттеуші ғалым ретінде рөлге бөлі ніп, күрделі-құрама атауларды
байланыстырып, сұхбат құрыңдар.
• Дания елінің ғалымы В. Томсен.
• Түрколог В.В. Радлов.
• Түрколог С.Е. Малов.
• Швед офицері Ф.И. Страленберг.
• Орыс ғалымы Н.М. Ядринцев.
• Түрколог, әдебиеттанушы М.
Жолдасбеков, түрколог Қ. Сартқо-
жаұлы.
• Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің табылған жер лері.
• Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер, шы ғармалар.
• Көне түркі әдебиеті.
• Орхон жырларының негізгі ойы.
• Құлпытастағы жазулар.
• Күлтегін жырының батырлар жырына ұқсастығы.
• Ескерткіштерде
суреттелетін, баяндалатын оқиғалар.
Достарыңызбен бөлісу: