Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет118/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   309
Макроэкономика

Міндетті резервтер – бұл коммерциялық банктердің Ұлттық 
банкте пайызсыз салымдар түрінде сақтайтын депозиттерінің 
бір бөлігі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер өз қарамағын-
да артық резервтерді де ұстай алады. Артық резервтер – бұл 
күтпеген жағдайлардан сақтану үшін жəне өтімділігі бар құ-
ралдарға қажеттіліктерін өсіру үшін сақтайтын міндетті резерв-
терден артылып қалған сомалар.
Есептік мөлшерлемені өзгерту (қайта қаржыландыру став-
касы) – бұл Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қарызға 
беретін өз резервтеріне тағайындайтын пайыз мөлшерлемесін 
өзгертуі. Ұлттық банк осы құралды пайдалану арқылы дис конт-
тық саясатты іске асырады. Жоғарыдағы сияқты, бұл құрал да 
жоғарылату немесе төмендету нысанында жүзеге асырылады. 
Есептік мөлшерлемені жоғарылату нəтижесінде пайыз мөл-
шерлемесі өседі, орталық банктен қарыз алу шектеледі, соның 
салдарынан коммерциялық банктердің несиелерді ұсыну бойын-
ша белсенді операциялары қысқарады. Коммерциялық банктер 
қымбат несиені ала отырып, несие бойынша өздерінің пайыздық 
мөлшерлемелерін көтереді, соңында жалпы несие қымбаттайды.
Есептік мөлшерлемені төмендету керісінше, банктік несие-
ерді алуды жеңілдетеді, пайыздық қойылым төмендейді, несиелік 
операциялар кеңейеді, ақша ұсынысы артады.
Есептік мөлшерлеме, ереже бойынша, банкаралық нарықтың 
тағайындайтын пайыздық мөлшерлемелерінен төмен болып 
келеді.
Ашық нарықтағы операциялар – бұл Ұлттық банктің 
мемлекеттік бағалы қағаздарды (облигацияларды) сатып алуы 
мен сатуы. Ұлттық банк ашық нарықтағы операциялар арқылы 
экономикадағы ақша массасының шамасын реттеп отырады. 
Бағалы қағаздарды сатып ала отырып, коммерциялық банктер-
дің резервтерін арттырады, олардың несиелік мүмкіндіктерін 


172
ұлғайтады, ақша ұсынысын кеңейтеді. Жəне керісінше, бағалы 
қағаздарды сата отырып, Ұлттық банк коммерциялық банктер-
дің резервтері мен несиелік мүмкіндіктерін қысқартады, ақша 
ұсынысын төмендетеді.
Ашық нарықтағы операциялар көп жағдайларда, қайта сатып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет