175
«ақша ережесін» қатаң сақтау үкіметтің қысқа мерзімдік ақша-
несие саясатын жүргізу бойынша мүмкіндіктерін шектейді. Заң
жүзінде «ақша ережесі» нарықтық экономикасы дамыған елдерде
қабылданбады. Бірақ, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония жəне Кана-
да сияқты дамыған елдерде
ақша массасын таргеттеу (нысана-
лау немесе шектеу) – ақша массасы өсуінің жоғарғы жəне төмен-
гі шегін белгілеу əдісі қолданылады. Монетаристік əдістердің
инфляциямен күрес жолында өз тиімділігін
көрсететінін атап
өткеніміз жөн.
Сөйтіп соңында, ақша-несие саясатының
қысқа мерзімді жə-
не
ұзақ мерзімді деген түрлерін бөліп көрсетуге болады. Олар
өзінің нəтижелері бойынша ерекшеленеді. Қысқа мерзімде ақша-
несие саясаты ұлттық өндіріс көлеміне үлкен дəрежеде əсер етеді
жəне бағалар деңгейіне соншалықты əсер етпейді. Ұзақ мерзімде
керісінше, ақша-несие саясаты бағалар
деңгейіне айтарлықтай
əсер етеді жəне ұлттық өндірістің көлеміне соншалықты əсер ете
алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: