Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Тұрақты ақша ұсынысы кезіндегі ЖІӨ-нің өсуі мынаған



Pdf көрінісі
бет130/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   309
Макроэкономика

21. Тұрақты ақша ұсынысы кезіндегі ЖІӨ-нің өсуі мынаған 
алып келеді:
а) пайыз мөлшерлемесінің төмендеуіне 
ə) пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауына 
б) пайыз мөлшерлемесінің өзгермеуіне 
в) инвестициялардың ұлғаюына
22. Қымбат ақша-несие саясаты кезінде: 
а) пайыз мөлшерлемесі төмендейді
ə) инвестициялар қысқарады 
б) ақша ұсынысы өседі
в) жұмыссыздық қысқарады


186
8-тақырып.
ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫ МЕН АҚША НАРЫҒЫНЫҢ 
БІРІКТІРІЛГЕН ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ. IS-LM ҮЛГІСІ
Мақсаты: IS-LM үлгісінің теориялық мəнін қарастыру
үлгідегі тиімді сұранысты анықтау жəне жиынтық сұраныс 
қисығын салу, IS-LM үлгісі арқылы ақша-несие жəне бюджет-
салық саясаттарының тəжірибелік тұрғыдан тиімділіктерін анық-
тау. Ол үшін дəріс сабағына мына сұрақтар шығарылады.
Дəріс жоспары:
1. Біріктірілген тепе-теңдіктің мəні.
2. IS қисығын құру.
3. LM қисығын құру. IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік.
4. Икемді баға деңгейіндегі IS-LM үлгісінен жиынтық сұраныс 
қисығын құру.
5. IS-LM үлгісіндегі ақша-несие жəне бюджет-салық саясаты.
Негізгі түсініктер: IS қисығы; LM қисығы; IS-LM үлгісі; 
тиімді сұраныс; тұрақты бағалар бойынша IS-LM үлгісі; өз-
гермелі бағалар бойынша IS-LM үлгісі; инвестициялық тұзақ
өтімділік тұзағы; ақша-несие саясатының салдары; бюджет-са-
лық саясатының салдары; ығыстыру əсері жəне т.б.
Тақырыптың мазмұны.
AD-AS үлгісі мен Кейнс кресінде пайыз мөлшерлемесі сырт- 
қы (экзогендік) айнымалы болып табылады жəне тауар нары-
ғының тепе-теңдігіне тəуелсіз бола отырып, ақша нарығында 
өздігінен орнайды. IS-LM үлгісі арқылы экономиканы зерттеу-
дің мақсаты осы ақша нарығы мен тауар нарығын бір жүйеге 
келтіру. Соның нəтижесінде нарықтық пайыз мөлшерлемесі 
ішкі (эндогендік) ай нымалыға айналады жəне оның шамасы тек 
ақша нарығындағы үрдістерді ғана емес, сондай-ақ тауар 
нарығын дағы жағдайларды да сипаттайды. 
Біріктірілген қос тепе-теңдік үлгісін, яғни тауар нарығы мен 


187
ақша нарығында бір мезгілде орнайтын тепе-теңдікті алғаш 
рет неокейнстік мектептің өкілі, Нобель сыйлығының лауреаты 
Джон Хикс 1937 жылы «Мистер Кейнс жəне классиктер» деген 
еңбегінде ұсынды. Ал 1949 жылы, сол мектептің тағы бір өкілі 
Элвин Хансеннің «Ақша теориясы жəне қазыналық саясат» атты 
кітабы арқылы ол көпшілікке тарады, соған байланысты Хикс-
Хансен үлгісі деген атқа ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет