204 нымен қатар, жұмыссыздық деңгейінің жылдан жылға азайып
келе жатқандығын байқаймыз.
9.1-кесте. 2001-2010 жылдардағы Қазақстандағы еңбек нарығының динамикасы мың адам
2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 Жұмыс күші 7479,1 7399,7 7657,3 7840,6 7901,7 8028,9 8228,3 8415,0 8457,9 8610,7
Жұмыспен қамтылғандар 6698,8 6708,9 6985,2 7181,8 7261,0 7403,5 7631,1 7857,2 7903,4 8114,2
Жалдамалы қызметкерлер 3863,3 4030,2 4229,6 4469,9 4640,5 4776,6 4973,5 5199,4 5238,8 5409,4
Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер 2835,5 2678,7 2755,6 2711,9 2620,4 2626,9 2657,6 2657,8 2664,6 2704,8
Жұмыссыздар 780,3 690,7 672,1 658,8 640,7 625,4 597,2 557,8 554,5 496,5
Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен
10,4
9,3
8,8
8,4
8,1
7,8
7,3
6,6
6,6
5,8
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, пайызбен
19,1 17,3
14,5
14,3
13,4
12,1
9,4
7,4
6,7
5,2
Экономикалық белсенді емес халық 3175,8 3155,3 3278,6 3383,4 3476,9 3493,9 3463,2 3416,2 3500,3 3487,7
Дерек көзі: www.stat.kz
Еңбек нарығында жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады: 1) фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың əртүрлі
өмір кезеңдерінде бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына
тұрақты түрде ауысып отыруына байланысты туындайтын қыс-
қа мерзімдегі еркін жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі
жұмыс іздеумен жəне оны күтумен байланысты. Азаматтардың
кəсіби біліктілігі мен жеке талғамдарына сəйкес келетін жұ-
мыс орындарын іздеу белгілі бір уақытты талап етеді. Мұндай
жағдайда, бос жұмыс орындары жəне оған лайық азаматтар ту-
ралы ақпараттар жеткіліксіз болып шығады. Жұмыскерлердің
тер риториялық жағынан орын ауыстыруы да белгілі уақытты
талап етеді. Жұмыс күшінің бір бөлігі кəсіби мүдделерінің, тұр-
ғылықты мекен-жайларының өзгеруімен жəне басқа да себеп-
205 тердің болуымен байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан
шығып кетіп отырады. Сондай-ақ, жұмыс орнын бірінші рет іздеп
жүрген азаматтар да жұмыссыздықтың осы категориясына кіреді.
Мысалы, оқу бітіріп диплом алған жас маман иесі өз біліктілі-
гін іске асыру үшін аса қолайлы жұмыс орнын іздеуі мүмкін.
Фрикциондық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар жұмысқа де-
ген қабілеттіліктерін еш жоғалтпай оны кез келген уақытта еңбек
нарығында іске асыра алады. Еңбек нарығының үнемі өзгеріп
отыруына орай жəне адамдардың жұмыспен қамтылғандар кате-
гориясынан жұмыссыздар категориясына үнемі ағылуынан жəне
керісінше ағылуынан жұмыссыздықтың бұл түрінен құтылуға
болмайды.