200
б)
LM қисығы солға жылжиды
в) IS қисығы төменге жылжиды
9. Табысқа салық салудың прогрессивтік жүйесінен пропор-
ционалды жүйесіне өту кезінде:
а) IS
қисығы аса тіктеу болып келеді, ал
фискалдық саясаттың
тиімділігі төмендейді
ə) IS қисығы аса жатыңқы болып келеді, ал фискалдық саясаттың
тиімділігі артады
б) IS қисығы аса жатыңқы болып келеді, ал фискалдық саясаттың
тиімділігі төмендейді
в) IS қисығы аса тіктеу болып келеді, ал фискалдық саясаттың
тиімділігі артады
10. ІS қисығы тік орналасқанда:
а) фискалдық саясат тиімсіз
ə) монетарлық саясат тиімді
б) фискалдық саясат тиімді
в) монетарлық саясат тиімсіз
11. Мемлекеттік шығындардың өсуі IS қисығын қалай жылжы-
тады:
а) төмен-солға
ə) жоғары-оңға
б) жоғары-солға
в) төмен-оңға
12. Экономика қай жағдайда «өтімділік тұзағында» болады деп
айтылады:
а) пайыз мөлшерлемесі өзінің мүмкін болатын төменгі деңгейіне
жеткенде ақша ұсынысын өсіру арқылы оны əрі қарай төмендету жəне
инвестицияларды;
ынталандыру,
сондай-ақ,
ұлттық өндірісті ұлғайту
мүмкін болмаған жағдайда
ə) пайыз мөлшерлемесі өзінің мүмкін болатын төменгі деңгейіне
жеткенде ақша ұсынысын өсіру арқылы оны əрі қарай төмендету жəне
инвестицияларды ынталандыру, сондай-ақ, ұлтық өндірісті ұлғайту
мүмкін болған жағдайда
б) пайыз мөлшерлемесінің ең жоғары
деңгейінде инвестициялар-
ды мəжбүрлі ынталандыру орын алған жағдайда
в) экономикадағы ақшаның массасын тек қолма-қолсыз ақшалар
қамтамасыз еткенде
13. IS-LM үлгісінің сыртқы айнымалысына не жатады?
а) мемлекеттік шығындар
ə) ұлттық табыс
б) пайыздық қойылым
в) инвестиция