Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет140/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   309
Макроэкономика

201
9-тақырып.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МƏСЕЛЕСІ
Мақсаты: еңбек нарығының макроэкономикалық ерекше-
лігін айқындау, жұмыспен қамтудың теорияларына сипатта-
ма беру, жұмыссыздық мəселесіне кеңірек тоқталып оны азай-
ту жолдарын қарастыру, еңбек нарығын мемлекеттік шарала-
рын талқылау, сонымен қатар, Қазақстандағы жұмыссыздық 
мəселесіне де тоқталып өту. Дəріс сұрақтары төмендегідей 
қарастырылады.
Дəріс жоспары:
1. Еңбек нарығының мəні, қызметтері. Еңбек нарығындағы 
тепе-теңдік.
2. Жұмыссыздықтың мəні, пайда болу себептері, зардаптары 
жəне түрлері. Оукен заңы.
3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу.
4. Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы.
Негізгі түсініктер: еңбек нарығы; еңбек нарығының ерек-
шеліктері; еңбекке деген сұраныс факторлары; еңбекке деген 
ұсыныс факторлары; еңбек нарығының қызметтері; жұмыс кү-
ші; жұмыссыздық; фрикциондық жұмыссыздық; құрылымдық 
жұмыссыздық; циклдік жұмыссыздық; толық жұмысбасты лық
жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; жұмыссыздықтың табиғи дең-
гейінің факторлары; Оукен заңы; еңбек нарығын мемлекеттік 
реттеудің негізгі бағыттары.
Тақырыптың мазмұны.
Макроэкономикада, еңбек нарығы - бұл ерекше тауар – 
жұмыс күшін сату жəне сатып алумен байланысты экономика-
лық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау ме-
ханизмі орындалатын нарық. Еңбек нарығында жұмыс күшіне 
жəне еңбек қызметтеріне сұраныс пен ұсыныс жəне оған де-
ген баға қалыптасады. Еңбек нарығының негізгі субъектілері 


202
ретінде кəсіпкерлер ірі монополистер, шағын жəне орта бизнес-
мендер, мемлекет, жекелеген жұмыскерлер жəне олардың ассо-
циациялары (кəсіподақтар) қарастырылады. Еңбек нарығында 
қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы құны 
болып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипаттала-
ды. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің 
арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен 
жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына тəуелді болып табылады.
Жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныстың факторлары:
- жұмыскерлермен өндірілетін тауарлар мен қызметтерге де-
ген сұраныс көлемі;
- еңбек ресурстарына деген бағалардың деңгейі, яғни жалақы 
деңгейі;
- өндіріс үдерісіндегі капитал мен еңбектің өзара алмастыры-
лу дəрежесі;
- экономикалық циклдің фазалары;
- елде орын алып отырған экономикалық жағдаят;
- ғылыми-техникалық прогресс;
- жұмыс берушілердің монопсониялық əрекеттері.
Жұмыс күші ұсынысына əсер ететін факторлар:
- демографиялық факторлар;
- еңбек ресурстарының əртүрлі демографиялық жəне этни ка-
лық топтарының экономикалық белсенділік деңгейі;
- жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы;
- еңбекке қабілетті халықтың имиграциясы;
- жұмыскерлерің кəсіби біліктілік дайындығының деңгейі;
- жұмыс күнінің ұзақтылығы;
- кəсіподақтардың жұмыс күшін монополиялық тұрғыдан 
сатудағы əрекеттері;
- жалақыдан басқа табыс алудың басқа да мүмкіндіктері;
- жұмыс орнын таңдау кезіндегі еңбек жағдайының қолай-
лылығы.
Еңбек нарығының экономикалық жəне əлеуметтік деген екі 
негізгі қызметі бар. Экономикалық қызметі еңбекке қабілет-
ті халықтың ұдайы өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз 
етуден көрінеді, ал əлеуметтік қызметі жұмыскерлердің жəне 
олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін 
қамтамасыз етумен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет