Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық (іскерлік) цикл



Pdf көрінісі
бет178/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   309
Макроэкономика

254
Экономикалық (іскерлік) циклбұл макроэкономика лық 
тұрақсыздықтың белгісі ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық 
белсенділік деңгейінің үнемі толқып жəне ауытқып отыруы. Не-
месе экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау 
кезеңдерімен ауысып отыруын, сондай-ақ экономиканың бір фа-
задан екінші бір фазаға өту аралығын (құлдырау фазасынан келесі 
бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.
Экономикалық цикл теориясы экономикалық өсу теориясы-
мен қатар макроэкономикалық динамика теориялары ретінде қа-
растырылып, экономикалық жүйенің қозғалыстарын сипаттай-
ды. Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі 
бір уақыт аралығындағы кезеңдік ауытқулары мен толқула рын
тұрақсыздықтың себептерін талдайды, ал экономикалық өсу 
теориялары экономиканың ұзақ мерзімдік тенденция ретіндегі 
тұрақты өзгерістерінің факторлары мен шарттарын зерттейді. 
Оны төмендегі суреттен көруге болады.
11.1-сурет. Экономикалық (іскерлік) цикл
Суреттен көріп отыранымыздай, түзу сызық тренд ретінде 
сипатталады, яғни тренд дегеніміз – бұл ұлғаймалы тенденция 
формасында көрінетін экономикалық дамудың жалпы тұрақты 
ұзақ мерзімдік бағыттылығы. Толқын тəріздес қисық дамудың 
біркелкі еместігін сипаттайды, қоғамның экономикалық даму 
кезеңінің құлдырау кезеңдерімен жалғасып отыруын көрсетеді. 
Көтерілу мен құлдыраудың өзара тізбектеліп қайталанып оты-


255
руы экономикалық дамуға үнемі тұрақсыздықты байқататын 
циклдік сипат беріп отырады. Сонымен, экономикалық цикл 
эко номикалық белсенділіктің немесе ЖІӨ қарқынының өзара 
екі бірдей жағдайының (бір құлдыраудан келесі бір құлдырауға 
дейін) арасындағы уақыт аралығын қарастырады.
Экономикалық жағдаят – бұл экономиканың бірқалыпты, 
əрі өспелі тепе-теңдіктік дамуын сипаттайтын жиынтық макро-
экономикалық көрсеткіштердің өзгеру бағыты мен дəрежесі.
Экономикалық цикл, экономикалық дағдарыстар мен макроэ-
кономикалық тұрақсыздық мəселелеріне алғаш рет аса дəйекті 
түрде көңіл аудара бастаған Карл Маркс болды. Ол экономикалық 
циклдің 4 фазасын бөліп көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет