Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


циклдер Мыңжыл- дықтар Өркениеттік дамулардың ұласуы 259



Pdf көрінісі
бет181/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   309
Макроэкономика

циклдер
Мыңжыл-
дықтар
Өркениеттік дамулардың ұласуы


259
Экономикалық циклдердің себептері.
Макроэкономикалық əдебиеттерде экономикалық циклдің 
пай да болу себептері туралы ортақ жалпы мойындалған пікірлер 
мен теориялар жоқ, сондықтан əртүрлі экономикалық бағыт тың 
өкілдері экономикалық цикл туралы көзқарастарын əртүрлі тү-
сіндіреді. 
С. Джевонс пен А. Чижевский циклдің себептерін Күн бе-
тіндегі дақтардың адамдарға əсер етуімен түсіндіреді. В. Паре-
то мен А. Пигу циклдің себептерін адамдардың экономика лық 
қызметтеріндегі оптимистік жəне пессимистік қатынастарға 
бай ланысты деп айтады. Т. Мальтус пен Ж. Сисмонди циклдің 
себептерін өндірілетін табысқа қарағанда тұтынылатын табыс-
тың жетіспеушілігімен байланыстырады. М. Туган-Барановский 
мен А. Шпитгоф оларды өндіріс құрал-жабдықтары өндірісінің 
тұтыну заттары өндірісінен артып кетуінен деп тұжырымдайды. 
Э. Хансен мен Р. Хоутри циклдерді банктік несиелерді экспансия-
лаудан жəне шектеуден, есептік мөлшерлеменің қозғалысынан 
орын алатынын алға тартады. Дж. Кейнс циклдерді жинақтардың 
артып кетуімен жəне инвестициялардың жетіспеушілігімен бай-
ланыстырады. Ал К. Маркс болса циклдің пайда болу себептерін 
капитализмнің негізгі қайшылықтарынан іздейді. 
Экономикалық циклдің факторлары.
Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш əдіс-
намалық бағыт қалыптасады. Біріншісі, сыртқы (экзогендік) 
факторлармен байланысты туындайтын экономикалық циклдер. 
Екіншісі, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты туын-
дайтын экономикалық циклдер. Үшіншісі, сыртқы жəне ішкі 
факторлардың синтезі ретінде анықталады. 
Сыртқы (экзогендік) факторларберілген экономикалық 
жүйенің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Оларға жататын-
дар: халықтың өсу қарқыны, халықтың миграциясы, ғылыми 
ашылымдар мен техникалық жетістіктер, соғыстар, əртүрлі сая-
си оқиғалар, мұнайға деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен (əсі-
ресе, алтын) орындарының ашылуы, жаңа жерлер мен табиғи 
ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі дақтар, ауа райы əсерлері 
мен табиғи апаттар, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет