Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Экономикалық циклдің фазалары



Pdf көрінісі
бет179/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   309
Макроэкономика

Экономикалық циклдің фазалары: 
а) құлдырау (төмендеу, рецессия) фазасы экономикалық 
даму параметрлерінің тез нашарлауымен сипатталады: өнді ріс 
көлемінің тез қысқаруы, табыстардың тез қысқаруы, жұ мыс-
бастылықтың қысқаруы, инвестициялардың қысқаруы, баға-
лардың құлауы, өндіргіш күштердің біртіндеп бұзылуы (өндіріс-
тік қуаттардың істен шығуы, жұмыссыздықтың өсуі, жаппай 
банкроттық, негізгі капиталдың құнсыздануы); 
ə) тоқырау (түп, стагнация) фазасы құлдыраудың ең төменгі 
нүктесі ретінде сипатталады: жаппай жұмыссыздық, жалақының 
ең төменгі деңгейі, пайыз мөлшерлемесінің ең төменгі деңгейі, 
тауарлық қорлардың қысқаруы, өндірістің тұрып қалуы, бағалар 
төмендеуінің тоқтатылуы; 
б) жандану (тірілу), немесе қалпына келу фазасы негізгі 
капиталдың жаппай жаңартылуы, жұмыссыздықтың қысқаруы, 
жалақының өсуі, бағалардың өсуі, пайыз мөлшерлемелері нің 
өсуі, тұтыну заттарына деген сұраныстың артуы сияқты көр-
сеткіштермен сипатталады; 
в) өрлеу (шың) фазасы экономикалық өсу қарқынының жо-
ға рылауы, өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, инвести ция-
лардың артуы, бағалы қағаздар бағамдарының өсуі, пайданың, 
жа лақының, бағалардың, пайыз мөлшерлемелерінің артуы сияқты 
көрсеткіштермен сипатталады.
Қазіргі заманғы батыстық экономикалық теория экономи-


256
калық циклдің агрегатталған екі фазасын ғана қолданады: ре-
цессия жəне көтерілу. Рецессия деп дағдарыс жəне құлдырау 
түсіндіріледі. Ал көтерілу – бұл тірілу жəне шың.
Экономикалық цикл үрдісінде əртүрлі орын алатын эконо ми-
калық көрсеткіштер мəндерінің ауытқып отыруына байланыс ты, 
осы экономикалық көрсеткіштер былай үшке бөлінеді: 
1) проциклдік көрсеткіштербұл жандану фазаларында 
ұлғаятын жəне құлдырау фазаларында қысқаратын экономика лық 
параметрлер. Оларға жататындар: өндірістің жиынтық көлемі, 
өндірістік қуаттар, ақша агрегаттары, ақша айналымының жыл-
дамдығы, қысқа мерзімдік пайыз мөлшерлемелері, бағаның жал-
пы деңгейі, корпорацияның пайдасы жəне т.б.;
2) контрциклдік көрсеткіштер – бұл циклге қарсы жүріп 
отыратын, жандану фазаларында қысқаратын жəне құлдырау фа-
заларында ұлғаятын экономикалық параметрлер. Оларға жата-
тындар: жұмыссыздық деңгейі, банкроттықтар саны, дайын өнім 
қорларының мөлшері жəне т.б.;
3) ациклдік көрсеткіштер – бұл қарқыны экономикалық 
циклдің фазаларына байланысты болмайтын экономикалық пара-
метрлер. Яғни, ондай параметрге бірқатар елдердің экспорт жəне 
импорт көлемі, ұлттық қорғаныс пен іргелі зерттеулер жүргізу 
сияқты мемлекеттік шығындардың бір бөлігі жатады.
Алайда, қазіргі орыс экономистері Чепурин мен Киселева-
ның пікірінше, экономикалық жағдаяттың осындай параметр-
лері нің сəйкестілігі немесе дұрыстылығы бұзылуы мүмкін. Мы-
салы, 1973-1975 жылдары болған энергетикалық дағдарысқа 
байланыс ты АҚШ-та жəне бірқатар еуропалық елдерде рецес-
сия кезеңінде бағалар деңгейі төмендемей көтерілген болатын, 
бірақ біз баға деңгейі параметрінің проциклдік көрсеткішке 
жататындығын білеміз. 
Осы аталған экономикалық параметрлер АҚШ-ң экономи-
калық зерттеулер Ұлттық бюросының класификациясы бойынша 
тағы да үш типке бөлінеді: 
а) озғыш немесе алдыңғы қатарлы параметрлер – бұлар 
жандану (құлдырау) фазасы орындалғанға дейін өзінің макси-


257
мум (минимум) нүктесіне алдын ала жетіп қоятын параметр-
лер. Бұларға мыналар жатады: өнеркəсіптегі жұмыс аптасы-
ның ұзақтылығы, үстеме жұмыс сағаттарының орташа саны
қайта құрылатын іскерлік кəсіпорындардың саны, қорлардағы 
өзгерістер, жаңа құрылыстық келісім-шарттарының саны, қор 
рыноктарының индекстері, корпорацияның пайдалары, ақша 
массасының өзгеруі; 
ə) кешігуші немесе қалып келуші параметрлер – жандану 
(құлдырау) фазасы орындалғаннан кейін өзінің максимум (мини-
мум) нүктесіне келіп жететін параметрлер. Олар: мерзімі 15 ап-
тадан асқан жұмыссыздар саны, жаңа кəсіпорындар салуға жəне 
құрал-жабдықтарға кететін шығындар, жалақыға кететін қомақты 
шығындар, коммерциялық банктердің пайыз мөлшелемелерінің 
орташа деңгейі; 
б) сəйкес келуші немесе дұрыс келуші параметрлер – 
бұлар экономикалық белсенділіктің өзгеруімен сəйкес жəне бір 
уақытта өзгеріп отыратын параметрлер. Бұларға: ЖІӨ (ЖҰӨ), 
жұмыссыздар саны, өнімдер, жеке табыстар, өндірушілер бағасы, 
орталық банктің пайыз мөлшерлемелері, жарнамаға кететін 
шығындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет