Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Атаулы ЖҰӨ – бұл осы жылғы ағымдағы бағалармен есеп- телген ЖҰӨ көлемі. Нақты ЖҰӨ



Pdf көрінісі
бет21/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   309
Макроэкономика

Атаулы ЖҰӨ – бұл осы жылғы ағымдағы бағалармен есеп-
телген ЖҰӨ көлемі.
Нақты ЖҰӨ – бұл бағалардың өзгерісін есепке алатын жəне 
базистік бағалармен есептелетін ЖҰӨ көлемі. 
Атаулы ЖҰӨ-ді нақты ЖҰӨ-ге келтіру үшін екі индекс 
қолданылады: 
1. Тұтынушылық бағалар индексі (ТБИ); 
2. ЖҰӨ дефляторы.
ЖҰӨ-ді есептеудің кейбір қиыншылықтары бар. Мысалы, 
егер жеке адам көлік сатып алса, онда С болады, ал фирма сатып 
алса І болады. ТБИ-ды анықтау үшін «тұтыну қоржыны» пайда-
ланылады.
ТБИ = ағымдағы жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы /
базалық жылғы «тұтыну қоржынының» бағасы
ТБИ – тек тұтыну тауарларына ғана есептелетін баға индексі. 
Бұл индекстің өзіндік кемшіліктері бар. Ал тек тұтыну емес, со-
нымен бірге инвестициялық жəне басқа да тауарлар бағаларының 
өзгерісін ескеретін баға индексі – ЖҰӨ дефляторы деп аталады.
ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ
ТБИ мен ЖҰӨ дефляторының арасындағы айырмашылық:
1) ТБИ – нақты тұтыну тауарларының құнын анықтайды. 
Яғни, «тұтыну қоржынының» құрылымы өзгермейді (мысалы: 
қант, шəй, нан жəне т.б.). Ал ЖҰӨ құрамына кіретін өнімдер 
көлемі алуан түрлі əрі көлемі де өзгеріп отырады. Мысалы, би-
дайды көп өндірсек, онда ЖҰӨ құрамында оның үлесі жоғары 
болады. ЖҰӨ дефляторы экономикада өндірілетін барлық та-


33
уарлар мен қызметтер бағаларының өзгерісін есепке алады (мы-
салы, құрылыс объектілеріне баға өзгерісін, шикізат бағаларын 
жəне т.б.).
2) ТБИ құрамына импорттың бағасы кіреді, ал дефлятор тек сол 
елде ғана өндірілген тауарлар бағасына байланысты анықталады.
Баға индекстерінің осы түрлері Ласпейрес, Пааше жəне Фи-
шер индекстеріне негізделеді.
Ласпейрес индексі тауарлар мен қызметтер құрылымы өзгер-
мейді жəне базалық жылғы тауарлар мен қызметтер көлемін 
негізгі деп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет