29
ЖІӨ – бұл сол елде тұратын өндірушілер капиталының ұлт-
тық сипатына қарамастан бір жылда өндірген жəне сатқан тау-
арлары мен қызметтерінің нарықтық құндарының жиынтығы.
Мысалы, жапондық «Тайота» фирмасы өз өнімін Қазақстан
нарығында сатса, онда сатылған өнімнің құны жапон елінің
ЖҰӨ-нің құрамына кіреді де, олардың ЖІӨ құнына кірмейді.
Бірақ Қазақстанның ЖІӨ-не кіреді, ал ЖҰӨ құрамына кірмейді.
Сол сияқты Жапонияда жұмыс істейтін қазақ азаматының та-
бысы Қазақстанның ЖҰӨ көрсеткіші құрамына кіреді де, ЖІӨ
құрамына кірмейді, ал Жапонияның ЖІӨ-не кіреді де, ЖҰӨ-не
кірмейді.
ТҰӨ – тозған құрал-жабдықтардың орнын толтырғаннан кейін
тұтынуға қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің жиынтығы. Ол
ЖҰӨ-нен амортизацияны (А) шегеру арқылы анықталады:
ТҰӨ = ЖҰӨ – А
ТҰӨ – ЖҰӨ-нің халық тұтынуына кететін бөлігін көрсете-
ді. ТҰӨ-ң құрамында тұтыну саласына түспейтін əртүрлі салық-
тар бар. Оларға жанама салықтың түрлері: акциздер, кедендік
салықтар, қосылған құнға салынатын салық жатады. Осыларды
ТҰӨ-нен шегерсек ұлттық табысты табамыз:
ҰТ = ТҰӨ – жанама салықтар
ҰТ – елдің барлық тұрғындарының жиынтық табыстары,
ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер
жəне кəсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары:
жалақы, пайыз, рента жəне пайда. Бірақ осындай табыстардың
барлығы түгел тұтыну мен жинақтауға жұмсалмайды. Сондықтан
келесі макроэкономикалық көрсеткіш – жеке табысты табу үшін
ҰТ-тан азаматтардың əлеуметтік сақтандыруға жарналарын,
корпорациялардың бөлінбеген пайдасын, корпорациялық табыс
салықтарын шегеріп, трансферттік төлемдерді қосамыз.
ЖТ = ҰТ – əлеуметтік сақтандыру жарналары – бөлінбеген
пайда – корпорациялық табыс салығы + трансферттік
төлемдер
Жеке табыстан азаматтардың жеке салықтарын: табыс са-
лығын, мұра жəне мүлік салығын шегерсек қолда бар табыс
қалады. Ол тұтыну мен жинақтауға жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: |