Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


 Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген



Pdf көрінісі
бет261/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   309
Макроэкономика

13. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген:
а) Меркантилистер экспортты шектеу керек деп санаған 
ə) Д. Рикардо – абсолюттік артықшылықтар теориясының авторы 
б) субсидиялар сауда саясатының əдісі болып табылмайды 
в) тариф – бұл бюджет табыстарының маңызды көзі
14. Абсолютті артықшылықтар теориясы – бұл:
а) елдің негізгі өндіріс факторларының көлеміне байланысты са-
лалардың бəсекелік қабілеттіліктерінің қалыптасуы жайлы шарттар 
ə) кез келген елдің ерекше ресурстары мен жағдайларының бо-
луы нəтижесінде басқа елдермен салыстырғанда артықшылықтармен 
қамтамасыз етілуі, сондықтан сол елде тауарды аз шығынмен өндіру 
мүмкіндіктері пайда болады
б) салықтар мен трансферттік төлемдер арқылы тауарлар мен қыз-
меттердің экспорты мен импортын ынталандыру мақсатында үкіметтің 
жүргізетін дербес саясаты 


363
в) дамыған елдердің экономикасында шаруашылық белсенділіктің 
жинақтардың ұлғаюы арқылы көрінуі, осының нəтижесінде адамдар 
байып, ақшаны инвестициялау мүмкіндіктері қысқарады
15. Импорттық тарифтердің енгізілуі: 
а) тұтынушылардың ұтымдылығын арттырады 
ə) өндірушілердің ұтымдылығын арттырады 
б) мемлекеттің бюджеттік табыстарын төмендетеді 
в) қоғам үшін таза жоғалтуларға алып келеді
16. Мемлекеттің сыртқы сауда саясатын жүргізудің екі түрі бар, 
олар қандай?
а) фискалдық жəне монетарлық саясат 
ə) протекционистік жəне инновациялық саясат 
б) валюталық жəне фритредерстік саясат 
в) протекционизм жəне еркін сауда саясаты
17. Абсолютті артықшылықтар теориясының авторы кім?
а) Д. Рикардо
ə) А. Смит
б) Д. С. Миль
в) В. Леонтьев
18. Қазіргі уақытта, Қазақстан тауардың кез келген түрін өнді-
руде абсолютті артықшылық принципін қолдана ала ма?
а) ия
ə) жоқ;
б) мемлекеттің саясатына байланысты
в) тарифтер енгізсе ғана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет