365
б) 900
в) 270
26. Егер елдің ішінде бағалар өссе, онда:
а) экспорт азаяды, импорт өседі
ə) экспорт ұлғаяды, импорт өзгермейді
б) импорт төмендейді, экспорт өседі
в) экспорт пен импорт қатар өседі
27. Протекционизмнің артықшылықтарына мыналардың қай-
сысын жатқыза алмаймыз:
а) бағалардың өсуі, тауарды таңдаудың аз болуы
ə) жаңа жас салаларды қорғау
б) өндірістің ұлғаюын ынталандыру
в) демпингтен қорғау
28. Берілген елдің экспортының өсуі, басқа жағдай тұрақты
бол ғанда:
а) жиынтық сұранысты көбейтеді, бірақ ұлттық табысты азайтады
ə) жиынтық сұранысты азайтады, ұлттық табысты көбейтеді
б) жиынтық сұранысты азайтады
в) жиынтық сұраныс пен ұлттық табысты көбейтеді
29. Протекционизмді жақтаушылар кеден баждарын, квоталар-
ды жəне басқа да сауда тосқауылдарын мыналар үшін қажет деп
санайды:
а) шетелдік бəсекеден жас салаларды қорғау үшін
ə) ел қорғанысын күшейту үшін
б) ел ішіндегі жұмысбастылықты арттыру үшін
в) аталғандардың барлығы дұрыс
366
15-тақырып.
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ. ВАЛЮТА БАҒАМЫ
Мақсаты: төлем балансының макроэкономикалық мəнін
ашу, оның негізгі баптарына сипаттама беру жəне олардың өзара
байланыстылығын көрсету. Макроэкономикалық
саясаттың тө-
лем балансы жағдайына əсерін қарастыру.
Төлем балансының
артықшылығы мен тапшылығына тоқталу.
Валюта нарығының
түсінігін ашу. Валюта бағамының түрлерін қарастыру.
Дəріс жоспары:
1. Төлем балансы: мəні, құрылымы, баптарының өзара байла-
нысы.
2. Валюта нарығы. Валютаның əртүрлі бағамдары.
Достарыңызбен бөлісу: