369
Ағымдық трансферттер балансы біржақты тəртіппен орын-
далатын қаржы құралдарының
немесе тауарлық ағындардың
қозғалысын қарастырады. Мысалы, табиғат апаттарынан зиян
шеккен елдерге үкіметтік гуманитарлық көмек көрсету. Бұдан
басқа, жеке тұлғалар да ақша аударымдарын жүргізуі мүмкін.
Мысалы, Қазақстанда қонақүй құрылысына тартылған түрік ма-
маны Түркиядағы өз жанұясына тапқан жалақысының бір бө лігін
аударуы мүмкін. Мұндай аударымдар шетелден сол елге немесе
керісінше, қарама-қарсы бағытта шетелдерге ағылуы мүмкін.
Капитал қозғалысы жəне қаржы операцияларының шоты
(қысқашасы «капитал қозғалысы шоты») да кредиттік жəне
дебеттік
операцияларды көрсетеді, бұл жер сəл өзгешеліктер
бар. Мысалы, біздің ел шетелден қарыз алса, онда ол капитал-
дың импорты ретінде қарастырылады (Қазақстанға
валютаның
келуі) жəне керісінше, біздің ел шетелге қарыз берсе, онда ол
капиталдың экспорты болып саналып дебет жолымен өтеді жəне
валютаның сыртқа кетуін түсіндіреді.
Қазақстандық активтерді
шетелдіктерге сату (мəселен, қандай да бір отандық компанияның
акциялар пакетінің бір бөлігін) кредит болып саналады, өйткені
осындай келісімнен кейін елге ақшалай түсімдер келеді. Сондай-
ақ, егер қазақстандық азаматтар қандай бір шетелдік фирманың
акцияларын пакетін сатып алса, онда ол дебет болып санала-
ды, өйткені сол келісім үшін төлем ретінде біздің елден валюта
кетеді. Басқаша айтқанда, шетелдерге біздің қарызымыз экспорт
сияқты болып көрінеді. ал шетелдерге қарыз ұсынуды импортқа
ұқсата аламыз.
Соңғы шотқа келетін болсақ,
отандық шоттарда шетелдік ва-
люта резервтері ұлғаятын болса, онда бұл ақша ағынын білдіреді
жəне плюс (+) таңбасымен кредитке жазылады. Ал отандық
валюталық резервтердің
шетелдік шоттарда көбеюі ақшаның
кетуін білдіреді жəне минус (–) таңбасымен дебетке жазылады.
Сонымен, төлем балансының осындай шоттары негізінде біз
бірқатар ұғымдарға төмендегідей анықтамалар бере аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: