Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


С. Қателер мен қалып қойғандар



Pdf көрінісі
бет270/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   309
Макроэкономика

С. Қателер мен қалып қойғандар
1 406,53
D. Жиынтық баланс
4 734,75
Е. Қаржыландыру
-4 734,75
ҚР ҰБ-нің резервтік активтері
-4 734,75
ХВҚ-ның кредиті
0,00
Дерек көзі: www.nationalbank.kz
Төлем балансының көрсетілген талдама ұсынымы бойын-
ша ресми валюталық резервтердің өзгерісі жеке шот ретінде 
көрсетіледі жəне капитал қозғалысы мен қаржы операциялары-
ның шоты құрамына кірмейді. Кестеде көрсетілген сандарды 
негізгі макроэкономикалық теңдестіктің мəндеріне салып нақты 
көр сетуге болады. Ағымдық операциялар шоты (Xn) мен капитал 
қозғалысының шоты (I – S) мынаған тең: 4 318,98 + (-990,76) = 
3 328,22 млн.долл. Осыдан біз төлем балансының оң сальдосы-
ның орын алып отырғандығын көріп отырмыз, яғни Xn + (I – S) > 0. 
Төлем балансында көрсетілетін барлық шоттардың сомалары 
нөлмен жабылып отыратынына қарамастан олардың динамикасы 
валюталардың айырбас бағамына əсер етеді. 
Валютаның айырбас бағамы – бұл əртүрлі елдер валю-
таларының арақатынастары; бір елдің ақша бірлігі бағасының 
екінші бір елдің ақша бірлігі бағасына қатынасы.
Ұлттық жəне шетелдік валюта бағамын тіркеуді валюта-
лық белгіленім (котировка) деп атайды. Шетел валютасы бел-
гіленімінің тікелей жəне кері белгілеу деген түрлері болады.
Шетел валютасының тікелей (тура) белгіленімі: ұлттық ва-
люта бірлігінің белгілі бір көлемімен анықталатын шетел валю-
тасы бірлігінің бағасы. Мысалы, 1 долл. = 150 тг.
Шетел валютасының кері белгіленімі: шетелдік валюта бір-
лігінің белгілі бір көлемімен анықталатын ұлттық валюта бір-
лігінің бағасы. Мысалы, 1 тг. = 0,006 долл. 
Айырбас бағамы жалпы алғанда валюта нарығындағы валю- 
таға сұраныс пен валюта ұсынысы арқылы анықталады. Валю-
талық нарық – əртүрлі елдердің валюталары сауда-саттыққа 


376
түсетін нарық. Көптеген банктер, фирмалар, биржалар, айырбас 
орындары шетел валюталарымен сауда-саттық қатынастарын 
жүргізіп отырады. 
Валюта бағамының атаулы жəне нақты валюта бағамы деген 
түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет