Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


 Өзіндік жазба жұмыстар (конспект)



Pdf көрінісі
бет72/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   309
Макроэкономика

4. Өзіндік жазба жұмыстар (конспект):
- Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы; 
- Фишердің уақытаралық таңдау теориясы. Модильянидің «Өмір-
лік цикл» теориясы. Фридменнің перманенттік табыс теориясы. Тұты-
нудың неоклассикалық теориясы.
5. Жаттығулар, есептер, т.б. тапсырмалар:
1. Келесі мəліметтер берілген:
S=0,25y-10
I=30
Анықтау керек:
А) ұлттық табыстың тепе-теңдік мағынасын;
Б) тепе-тең ҰТ жəне жинақ ақша көлемін, егер болашақта табыс-
тың төмендеуі күтілетін болса, ағымды табыстың əрбір деңгейінде үй 
шаруашылықтары жинақ ақша қорын 10 бірлікке көбейтеді.
В) тепе-тең ҰТ жəне жинақ ақша көлемін, егер кəсіпкерлер бо-
лашақта сұраныстың төмендеуін күтетін болса инвестицияларды 20 
бірлікке қысқартады.
2. Тұтыну шығындары 250 теңге деп жорамалдайық. Тұтыну 
өсімшесінің жылдық қарқыны 2%. Мемлекет шығыстарының шама-
сы тұрақты – 40 теңгеге тең. Инвестициялық шығындар функциясы: 
I = 20 + 100% / r, бұндағы r = 20%. Осы деректерді пайдаланып, ЖҰӨ-ді 
есептеңіз.
3. Инвестициялар 220-ға тең, бюджет артықшылығы 10-ға тең, экс-
порт = 175, импорт = 185, қор жинауды анықтаңыз.
4. Экономикада келесі мəліметтер берілген:
Y=C+I
C=100+0,8Yd
I=50
Анықтау керек:
А) Табыстың тепе-тең деңгейін.


109
Б) Жинақ ақша жəне тұтынудың тепе-тең деңгейін.
В) егер шығару көлемі 800-ге тең болса, онда жоспарланбаған 
өнімнің босалқы қорының өсімі қандай?
Г) егер автономды инвестициялар 100-ге дейін өссе? Онда тепе-тең 
шығару көлемі қалай өзгереді? Тепе-тең деңгейінің өзгеруін графиктік 
түрде көрсетіңіз.
6. Төменде келтірілген мəліметтер бойынша табу керек: тұтыну, 
тұтынудың орташа бейімділігін, жинақтауға орташа бейімділігін
тұтынудың шекті бейімділігін, жинақтауға шекті бейімділігін, тұтыну 
жəне жинақтау графиктерін құрыңдар:
Өндіріс жəне табыс 
деңгейі (долл.)
240 260 280 300 320 340 360 380 400
Жинақ ақша (долл.)
-4
0
4
8
12 16 20 24 28
7. Ұлттық өндірістің тепе-теңдік деңгейі 1200 млрд. теңге. Ал авто-
номды тұтыну – 0. Бұл жағдайда тұтынуға деген шекті бейімділік 0,05-
ке өсті. 
Анықтау керек:
А) өндірістің тепе-теңдік көлемі қалай өзгереді;
Б) жинақтаудың тепе-теңдік деңгейі қалай өзгереді; 
В) тұтыну функциясы: С=300+0,75Y. Үкімет 30 млрд. теңге мем-
лекеттік тапсырысты салықты көбейту арқылы орналастыруды шешті. 
Тепе-тең ЖҰӨ өзгеріссіз қалу үшін, бюджеттік түсім қандай сомаға 
көбеюі тиіс.
8. Тұтыну шығындарының тепе-тең көлемі 20000 а.б. жəне тұтынуға 
деген шекті бейімділік 0,8. 
Анықтау керек:
А) инвестициялар көлемін;
Б) мультипликатор көлемін;
В) тұтынуға деген шекті бейімділіктің 0,6-ға дейін төмендеуі тепе-
тең ұлттық табысқа қалай əсер етеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет