18
мүмкіндік беретін жəне үнемі мемлекеттің бақылауында болатын
экономикалық өзгермелілер.
Макроэкономикалық саясат құралдарының мынадай түрлері
бар:
1. Бюджет-салық (фискалдық) саясаты – бұл мемлекеттің
салық салу жəне мемлекеттік
шығындар арқылы экономикаға
əсер етуі.
2. Ақша-несие (монетарлық) саясаты – бұл мемлекеттің
елдің ақша, несие жəне банк жүйелері жолымен экономикаға əсер
етуі.
3. Табыстар саясаты – мемлекеттің инфляцияны ұстап тұру
мақсатында жалақы мен бағаларды директивалық шаралармен
тікелей бақылауға алу арқылы экономикаға əсер етуі.
4. Сыртқы экономикалық саясат – мемлекеттің ашық эко-
номика жағдайында халықаралық
сауда қатынастарына арала-
са отырып, ұлттық экономиканың өсуі мен тиімділігін арттыру,
халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында таза экспорт-
ты реттеуге араласуы.
5. Сауда саясаты – тарифтер, квоталар жəне басқа да сыртқы
экономикалық реттеу құралдары арқылы мемлекеттің экспорт
пен импортты ынталандыруға немесе шектеуге араласуы.
Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау барысында қолда-
нылатын макроэкономикалық саясаттармен
бірге ұлттық эко-
но микада əлеуметтік саясат, валюталық саясат сияқты құ-
рал дар да кеңінен қолданылады. Бірақ макроэкономикалық
сая сат тың қандай құралы қолданылса да, олар ұлттық эконо ми-
каның қалыптасқан нақты жағдайына қарай жəне қандай да бір
эко но микалық мəселені нақты шешу кезінде əрқашанда маңыз-
ды болып қала береді.
Қорытынды
1. Макроэкономикалық агрегатталған
жиынтық өлшемдерді зерт-
тейді: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмысбастылық, баға лар-
дың жалпы деңгейі, инфляция, төлем балансы жəне т.б.
2. Макроэкономикада мемлекеттің рөліне жəне ішкі экономикалық
19
жəне сыртқы экономикалық салаларды мемлекеттік реттеудің əдістеріне
аса маңызды түрде көңіл бөлінеді.
3. Макроэкономиканың əдістері – позитивтік жəне нормативтік тал-
дау, сонымен қатар агрегаттау, «əртүрлі тең жағдайларда» қағидасы,
тепе-теңдіктік бағыт, қор жəне ағын
айнымалыларының айырма шы-
лықтары сияқты əдістер жатады.
4. Макроэкономикада зерттелетін нарықтың негізгі субъектілері –
үй шаруашылығы, фирма, мемлекет жəне сыртқы орта.
5. Экономикадағы табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымы
нарықтың барлық субъектілерінің өзара байланыстарын көрсетеді.
6. Табыстар мен шығындардың шеңберлі айналымында қуат беру
көрсеткіштері – бұл инвестициялар, мемлекеттік шығындар, экспорт.
Жылыстау көрсеткіштері – бұл жинақтар, салықтар, импорт.
7. Макроэкономикадағы негізгі бəсекелес мектептер кейнстік жəне
неоклассикалық бағыттармен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: