хикаяттағы Савская ханымның аяғымен салыстырыңыз. –
С.Қ.), қолтығынан оның ішкі өкпебауырын, ал сүйегін алып
тастаған төбесінен әйелінің миын керіп қояды. Мұны сезіп
қойған әйелі күйеуіне: «Ішімде алты айлық бала бар. Туғаннан
[
90
]
кейін оны Ніл өзенінің жағасындағы Құмкент шаһарына тастап
кетем, сол жерден ауып ал!» – дейді де, аспанға ұшып кетеді»
68
.
Академик А.С. Орлов дұрыс айтады: «Мұндай әйелінің
қойған шартын күйеуі бұзғандықтан, ол әйелдің ұшып кетуі
мотиві көптеген халықтың фольклорында кездеседі»
69
.
Осы тектес мотив Асан Қайғы туралы әпсананың кейбір
вариаттарында да бар. Онда Асан перінің қызына үйленеді.
Перінің қызы: «Менің өзім айтпағанша, мені сөйлетпе!» – деп
шарт қояды. Бірақ әйелінің бір күні үш рет күлгенін көріп,
Асан оған неге күлесің деп, әйелін сөйлемеске қоймайды. Әйелі
не себепті үш рет күлгенін айтып береді де, ұшып кетеді»
70
.
Сонымен, көзіміздің жеткені Асан Қайғының Жерұйықты
іздегені жайындағы әпсаналарда оның әлемді (тіпті бүкіл
ғарышты болуы мүмкін) шарлаған ұзақ сапар кезінде басынан
кешіретін негізгі оқиға болып адамның тылсымға толы, жай
елге көрінбейтін басқа әлем өкілімен кездесуі туралы көне
заманғы хикаяны пайдаланатындығы. Әрине, ол хикая көркем
түрде баяндалады, оған ғажайыптық сипат беріледі: адам емес,
басқа бір қоғам мүшесіне, пері қызына үйленудің өзі жұмбақ
жағдайда болады, осының өзі кейіпкердің тегін адам емес
екенін дәлелдеуге тиіс. Алайда, қанша керемет болса да, ол
да «сынақтан» өте алмайды: не «ұйықтап қалады»
71
, не сертті
бұзады. Осының кесірінен әйелінен айырылып қалады. Бір
қызығы, ертегіде кейіпкер сол әйелін қайтадан тауып алады, ал
хикаяда және кейін әпсанада ол ұшып кеткен әйелінен мүлде
айырылады. Эпоста – әйелінің орнына баласын тауып алады.
Тағы да бір көңіл аударатын жайт – бертінгі дәуірлерде
туған әлеуметтікутопиялық әпсаналарда кейіпкерлердің құт
ты қоныс іздеу жолында басынан кешіретіндері де бірнеше
хикая болып келеді. Мысалға, Өтеген батыр жайындағы
әп
саналарды айтуға болады. Өтеген батыр да Асан Қайғы
сияқты, бақытты мекен іздейді, бірақ ол Асан ұқсап жалғыз
шықпайды. Оның жа
йында әрқашан өзімен бірге жүретін
жасағы болады. Әпсаналардың айтуына қарағанда, Өтегеннің
Жиделібайсынды іздеу себебі – оның Абылаймен араздасуы
және малға жайлы жердің болмауы. Ол Жиделі Байсынды көп
жылдар (16, 17, 18, 30) іздейді. Ұзаққа созылған сапарында
батыр Еділ мен Жайыққа, Ресейге, Қытайға, Бейжіңге, Мек
[
91
]
кеге барады, жол бойы алуан түрлі оқиғаларды бастан кеші
реді: айдаһармен ұшырасады, жезтырнақпен кездеседі, т.т.
Олар дың кейбіреуімен айқасып, енді біреулеріне жәрдем етеді.
Ақыр аяғы, Өтеген жасағымен Жиделібайсынға жетеді, бірақ
ол жердің шөбі жылқы малына қолайсыз екенін көріп, кері
қайтады
72
.
Мінеки, Өтеген мен жолдастарының айдаһарға, жезтыр
наққа, тағы басқа бір мақұлықтарға кездесуінің әрқайсы
сы – жеке бір хикая. Демек, қазақ әпсанасының (тіпті, эпосының
да) қалыптасуында хикая жанры өзіндік роль атқарған. Ол
мазмұны жағынан қиялды, ғажайыпты болғанмен, халық
хикаяға сенген, сондықтан оны тарихта болған адамдарға
теліген. Жамбылдың «Өтеген батыр» жырын хикая деуі тегін
емес.
Өтеген Өтеғұлұлы – тарихта болған адам. Ол 1669 жылы
туған, жас кезінен қазақтардың бас бостандығы мен жерін
қорғап, жоңғарлықтарға қарсы жүргізген ұзақ та қиын
күресіне белсене қатысқан. 74 жасында қайтыс болған. Өзінің
ұрыстарда көрсеткен ерлігімен, батылдығымен және дауларды
шешкенде жасаған әділеттігімен Өтеген ел арасында үлкен
беделге ие болған, батыр деген атақ алған. Қадірлі де атақты
би ретінде хан ордасында қаралған көптеген мәжілістерге
қатысып, күрделі мәселелерді шешуге атсалысқан. Кейбір
мәселелер бойынша, Абылай хан мен Төле бидің шешімдеріне
келіспей, наразы болған. Ақырында осы келіспеушіліктің
салдарынан 1756 жылы Абылаймен араздасып, хан ордасынан
біржола кетеді де, өзіне қараған рутайпаларын ертіп, басқа
жақтан қоныс іздейді
73
.
Міне, XVIII ғасырдағы халық басына түскен ауыр жағдай
мен Өтегеннің Абылай ханға деген наразылығы бұрынғы Асан
Қайғының Жерұйықты іздегені туралы әпсананың қайта
жаңғырып, енді сол сюжетті Өтегенге телуге негіз болды.
Әрине, Өтеген батыр жайында әр түрлі аңызәңгімелер оның
Абылаймен араздасуына дейін де болғаны күмәнсіз, өйткені ол
халық арасында ержүрек батыр, әділ би, қамқор ру басы деп
әйгілі болатын. Ал енді Абылай ханмен араздасқаннан кейін
оның беделі мен атағы бұрынғыдан да арта түсті. Сөйтіп, Өтеген
батырдың бейнесі де фольклорда дәріптеледі, әсіреленеді.
[
92
]
Ол біртебірте өз ру тайпасының бостандағын қорғаушы ғана
емес, бүкіл кедейкепшіктің, кемтардың қамқоршысы болып
бейнеленеді
74
. Ал образдың бұлай өзгеруіне толық негіз бар еді.
Өтеген Өтеғұлұлы өмір сүрген тұста, яғни XVII ғасырдың
соңы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда
өте маңызды тарихи және әлеуметтік процестер, бір жағынан,
Қазақ хандығын сақтап қалу үшін күрес жүріп жатты. Ал
мұның өзі қазақ рулары мен тайпаларын біріктіріп, ханның
билігін күшейтті. Екінші жағынан, қазақ қауымы феодалдану
процесін бастан кешіп жатты. Бұл таптық жікті аша түсті де,
қанаушылықты күшейтті. Мұндай жағдай бұқара халықтың
наразылығын, тіпті, қарсылығын да туғызды. Халық күйзе
лістен құтылудың жолын іздеді. Ол басқа жаққа қоныс аудару
болып көрінді. Ел енді тауқыметке толы мекенді тастап,
бақытты жер табуды армандады. Сөйтіп, бұрынғы Асан Қай
ғының Жерұйық іздейтіні туралы әпсана жаңа жағдайда
Өтегеннің атына телінді (Өтеген болса, ол елдің және өзінің
қалаған жері – Жиделібайсынды шынымен іздеді). Бірақ Асан
туралы әпсанадан өзгешелігі – мұнда бұрынғы елдің өзі тұрған
мекенін дәріптеу жоқ. Оның себебі халық қиыншылықты өз
жерінде, атамекенінде көріп отыр. Сондықтан ел қиямет жерден
қашқан. Зерттеушілердің ойынша, елдің өз жерінен қашуы –
феодализм тұсындағы бұқара халықтың наразылығының кең
тараған формасы
75
.
Сонымен, Өтегенге байланысты айтылған әпсаналарда ел
дің жерін тастап, басқа жақтан қоныс іздеуінің себебі өзгер
ген. Өтегеннің ханмен араздасуының да себебі бас
қа. Егер
бұрынғы әпсаналарда Асан Қайғы Жәнібек ханға атамекенді
тастағаны және елді қиыншылыққа душар еткені үшін
наразы болса, мұнда Өтеген батыр Абылай хан мен оның
жақтастарының жоңғар феодалдарын жақтағандарына наразы
болады. Мәселен, Абылай Жетісуды жоңғарлықтарға беру
туралы шешім қабылдағанда, Өтеген бұған қарсы болады да, өз
тайпаларын ертіп, ба сқа жақтан жаңа қоныс іздемек ниетімен
хан маңынан көшіп кетеді
76
.
Кейбір әпсаналарда Өтеген кедейлердің мүддесін қорғап,
Абылаймен араздасады. Мысалы, «Өтегеннің Абылайды
сынауы», «Қазына не?», «Өтегеннің хандарды жек көруі»,
[
93
]
«Сұңқар шашып жейді» деген әпсаналарда Өтеген ханмен,
байбилермен кедейлерді қанап, қинап, қуғындағаны үшін
ұрысады
77
. Бұл шығармаларда Өтеген қарапайым халықты
қанауға қарсы шыққан ел қамқоршысы, өз рутайпасындағы
жарлыжақыбайларға жаны ашитын рубасы, батыр, кедей
кепшіктің сөзін сөйлейтін, еңбек адамын жақтайтын әділетті
би, басшы болып суреттеледі. Сөзіміз дәлелді болу үшін бір
ғана мысал келтірейік. «Өтегеннің нашарға жәрдемі» деген
әңгімеде былай делінеді:
«Өтеген Жаныстың қысқы жайылымында жұт болады де
генді естіп, өз руластарын малды аман алып қалу үшін өзімен
бірге қоныс аударуға шақырады. Бірақ Жаныс руының ақса
қалдары көшкісі келмейді де, Өтеген өз аулымен көшіп кетеді.
Жол жүргелі жатқанда батырдың қасына бір жас келіншек
келіп:
– Атаай, ерім өлген, бала жас, өзімнен басқа естияр адам
жоқ. Қолымда аздаған малым бар еді. Оны қайтем, ақылыңызды
айтыңызшы? – деп жалынады. Өтеген жесір әйелдің малын өз
малына қосып алады да:
– Бір малыңды шығын қылмай, көктемде айдап келіп,
қолыңа беремін, – деп әлгі келіншекке уәде береді.
Қары аз, жылы жақта қыстап, малын жұттан аман алып
шыққан Өтеген еліне қайтады.
Елге қайтып келе жатқанда жұттан қырылған Жаныс
руының бір ауылында ол біреулердің жұртқа тастап кеткен,
жылап тұрған төрт жас шамасындағы баланы көреді. Өтеген
баланы өзіне шақырып, алдына көтеріп, атқа мінгізіп алады.
Ол баланы алдынан жолыққан адамның бәріне көрсетіп:
– Мына баланы тауып алдым, танығандарың алып қа лың
дар... Әйтпесе, менің балам болады, – дейді.
Әлгі жесір әйелге оның малының бәрін көктемгі төлімен
түгел әкеліп береді. Баланы өзі асырап алады»
78
.
Бұл мысалдан біздің көретініміз – Өтеген өте қайырымды,
рахымды, мейірбанды адам, нашарларға жәрдемші, ақылшы,
жетімжесірлерге жанашыр, қамқоршы. Жалпы, әлеуметтік
утопиялық әпсаналарда Өтеген бейнесі барынша дәріптелген.
Ол тіпті әлеуметтік әділеттілік үшін күресуші болып бей
не ленеді. Міне, мұның өзі – утопия, өйткені үстем тап өкілі
[
94
]
ешқашан әлеуметтік әділетті, теңдікті қаламайды, ол үшін
күреспейді. Ал бұл қаналған бұқара халықтың өмірде «әділ
патша» бар немесе сондай болуы мүмкін деген «монархиялық
иллюзиясы» еді. Халық сондай патшаны армандаған және ол
болады деп сенген.
Рас, Өтеген патша да, хан да емес. Солай болғанмен де, ол жай
ғана рубасы емес, елді құтқарушы басшы болып көрсетіледі.
Демек, Өтегеннің бейнесі қазақтың әлеуметтікутопиялық
әпсанасында «құтқарушы» образының пайда бола бастағанын
көрсетеді. Бірақ бұл орыс әпсанасындағы «құтқарушыпат
шадан» өзгеше. Егер орыс әпсаналарында «құтқарушыпат
ша» өмірдегі патшаны тақтан құлатуды көздесе, қазақ әпса
наларындағы «құтқарушы», рутайпасын бақытсыз жерден
алып кетіп, азаптан құтқарғысы келеді. Олай болса «құтқару
шыпатша» туралы әпсаналар «алыстағы бақытты жер» жа
йындағы әпсаналардан кеш туады деген тұжырым дұрыс
болып шығады. «Құтқарушыпатша» жөніндегі әпсаналар
дамыған феодалдық мемлекетте толық қалыптасып бітетін
болу керек, өйткені мұндай мемлекетте қатты қанауға тү
сіп, езілген бұқараның наразылығы мен толқулары жиі бо
лып тұрған, сондайақ тақта отырған патшаға деген елдің,
соның ішінде ақсүйектердің де наразылығы күшті болған.
Сол себепті «құтқарушыпат
ша» болып көбінесе көтерілісті
ұйымдастырып, басқарған адамдар есептелген. Олар халық
арасында «сарайдан қуылған заңды патша» деп қабылданға
Мәселен, Емельян Пугачевті ІІІ Петр патша деп лақап тарап,
ел соған сенген, сөйтіп, өз фольклорында оны халықты азап
тан «құтқарушыпатша» етіп бейнелеген. Сондықтан да
«құтқарушыпатша» тақта отырған монархты «заңсыз»,
«әділетсіз» деп, оның орнын тартып алуға тырысады, елге оны
жамандап, өзі: «Халықтың тұрмысын жақсартамын. Әділетті
қоғам құрамын», – деген неше түрлі уағдалар таратады.
Бас
қаша айтқанда, ол (және ол туралы әпсана шығарған
халық та) өзінше бір «идеал» деп санаған қоғамның моделін
жасайды. Ендеше, «құтқарушыпатша» жайындағы әпсаналар
әлеуметтікутопияның конструктивті және нормативті (қа
лыпты) түріне жатады. Яғни бұл утопияда реалды болмысты
[
95
]
өзгерту және болашақ қоғамды дәріптеу бар. Ал бұл – халық
әлеуметтік утопиясының ең кенже, бергі стадиясы.
Мұнымен салыстырғанда орыстың «алыстағы Беловодье»
мен қазақтың «құтты қоныс Жерұйық, Жиделібайсын» ту
ралы әпсаналары халық утопиясының алдыңғы стадиясына
жатады. Мұндағы утопия өмір кешіп отырған қоғамды
өзгерту емес, одан қашу түрінде көрінеді және ол қалыпты,
қалаулы (нормативті) емес, тек сыншылдық бағытта ғана
болады. Екінші сөзбен айтқанда, мұнда болашақ қоғамның
ешқандай үлгісі, моделі жоқ. Сол себепті құтты қоныс
хақындағы әпсаналарда патшалық иллюзия жоқ, яғни
оларда қаналған халықты қуғындалып жүрген заңды патша
келіп, езгіден құтқарады деген идея болмайды. Оның есесіне,
бұл әпсаналарда халықтың азап
тан құтылу жолын басқа,
жері құнарлы, шөбі шұрайлы жаққа қоныс аударумен
байланыстырады. Осы тұста мына бір жайтты айту керек.
Кейбір әпсаналарда Өтеген Жиделібайсынды табады, бірақ
(кейде жаратпай, кейде жерсінбей) кері қайтады. Асан Қайғы
да кейбір текстерде Жерұйыққа жетеді, бірақ ол сол жерде
мекендеп қалады. Мәселен, бір әпсана былай әңгімелейді: «Он
жеті жыл сапар шеккеннен кейін Асан Қайғы әз Жәнібек ханға
келеді де, оны халқымен ешкім мазаламайтын жаққа ертіп
кетті»
79
. Екінші бір әпсанада былайша айтылады: «Ол (Асан
Достарыңызбен бөлісу: |