[
134
]
Міне, көріп отырсыздар, мұнда Илья Муромецтің мешел
діктен жазылуы бейшара кемпірдің жәрдемімен байла нысты
болып көрінеді. Кемпірдің мұндай көмекшілік қызметі бағзы
матриархат заманының ру басына меңзейді
49
. Яғни бұл – өте
көне образ, оның бұл функциясы сонау аналық кезіндегі тотем
бабаның рөлімен замандас. Кейін
патриар хат тұсында әйел
ру басын еркек алмастырған шақта, бұл образдың орнына
қасиетті шал келген. Бұл барлық елдің фольклорына тән. Оны
орыс эпосанан да көруге болады. Ол тура лы әңгіме кейінірек.
Біздің бұл жерде айтарымыз – орыс жырындағы христиан
дінінің әсері. Жаңағы қайыр сұрап кел ген кемпір (бұрынғы
образ) Христос құдайды атап, қайыр сұрайды. Ал Ильяның
мешелдіктен жазылуын құдайдың құдіреті деп біледі («И по
дала ему краюху дара божьего»).
Христиан дінінің әсері Ресейде ертеден басталды. Бұл дін
Ресейдегі бұрынғы нанымдарды, олар туғызған шығармалар,
түсініктер мен образдарды аямай қуғындаған. Ал
кейбір ескі
сенімдер мен образдар сақталып қалған, бірқатары хрис
тиандық сипат қабылдаған.
Міне, біз келтірген үзіндіде матриархат дәуірінің обра зы
мен феодализм заманының діни құдайының қатар кездесу се
бебі осы.
Сонымен тағы бір зандылық анықталды. Ол феодализм
дә уірінде қаһарманның ерекше жағдайда туатындығы жай
лы ежелгі мотивтің тағы бір сипат алатындығы. Ол сипат –
кейіпкердің керемет батыр болуы құдайдың құдіретінен деп
түсінушілік.
Өте көп тараған фольклорлық ғайыптан туу мотивінің ертек
пен эпостағы типологиясын зерттеуден мынадай қорытынды
шығаруға болады.
I. Батырдың, басты кейіпкердің орасандығын атап көр
сету үшін халық қиялы ежелгі аналық заманда пайда бол
ған ғайыптан туу мотивін кең түрде қолданған. Жай ғана
қолданбаған. Ол мотивті әр дәуір талабына сәйкестендіріп,
творчестволық жолмен пайдаланған. Айталық, өзінің алғаш
шыққан кезінде (яғни матриархат дәуірінде) бұл мотив бо
йынша, болашақ батыр анасынан ешбір некесіз туады. Оның
әкесі – не күннің шуағы, не жел, не өсімдік, не басқа зат.
[
135
]
II. Кейін
матриархаттың заманы бітіп, өмірге патриархат
келгенде ғайыптан туу мотиві жаңа сипатта көрінеді. Болашақ
батыр енді тотемдік атадан туады. Яғни оның әкесі – тайпалық
тотем. Бұрынғы өсімдік пен табиғат құбылыстарына қарағанда,
тотем белсендірек. Ол кейіпкердің жай әкесі ғана емес, сондай
ақ оның жебеушісі.
Патриархалдық рулық қауымның дамуымен байланысты
қаһарманның ерекше бітімі, құдіреттілігі енді басқаша тү
сіндіріледі. Ол – тайпалық тотем мен аталар аруағының ға
жайып түрде желепжебеуінің нәтижесі деп білінеді.
III. Аталық ру заманының шарықтаған кезінде ежелгі
ғайыптан туу мотиві тотемдік аңның орнына жәрдемші,
жебеуші етіп аталар аруағын алады.
Яғни мұнда реалдық
түсінік басымырақ. Перзентсіз кемпіршалдың түсіне ақсақал
еніп, аян беруі – болашақ батырдың шын әкесі өзінің әкесі
екенін айта отырып, ол баланың тууына ата аруағының қатысы
бар екенін көрсетеді. Сол себепті ол өмір бақи «өз баласын»
демеп, жебеп жүреді.
IV. Бертінірек, аталық ру қауымы феодализмге ауыса бас
тағанда, яғни патриархалдыфеодалдық қоғамда бұл мо тив сәл
басқа түрде көрінеді. Бұл кезеңде бұрынғы, алғашқы қауымда
туған діни нанымдар бірқұйдайлық дінге ауыса бастайды да,
ежелгі ғайыптан туу мотиві өзгеріске ұшырайды.
Біріншіден,
ғайыптан туу тек құдай мен періштелердің, әулиелер мен
патшалардың үлесі деп білінеді. Бұл әсіресе, құлиеленуші
қоғамға тән. Сол себепті Иисус
Христос
Мария қыздан туған.
Екіншіден, патриархалдыфеодалдық дәуірдің шарықтау
заманында қаһарманның, ел ардақтайтын батырдың ата тегіне
ерекше мән беріледі. Енді ол бұрынғыдай судан, желден,
өсімдіктен, не жемістен, т.б. құбылыстан тумайды. Ол
көптің
тілеп алған ардақтысы. Оның әкешешесі, көбінесе, ақсүйек
болып келеді.
Үшіншіден, бүкіл елді қорғайтын батыр жай адам болмауы
керек. Сол себепті ол ерекше жағдайда тууға тиіс. Ал оның
мынадай түрлері пайда болады:
а) батырдың анасы құрсақ көтергенде керемет аңның ба
уырына, өтіне, т.б. бір ерекше тағамға жерік болады;
ә) болашақ батыр туғанда бір алапат оқиға болады;
[
136
]
б) Әкесі міндетті түрде үйде болмайды да, ол не соғыста, не
аңда
қаза болады. Немесе оның атаанасы қуғында болады, т.т.;
б) бұрынғы жебеушілердің орнына діндік (мұсылмандық
немесе христиандық) әулиеәнбиелер енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: