Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет34/85
Дата12.12.2023
өлшемі1.43 Mb.
#486299
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
kaskabasov s tandamaly tom 2 mifologiia folklor debiet zertt

сюжеттік тұтастану. Ол, ғалымның ойынша, негізінен орыс 
былиналарына тән. В. Жир 
мунский эпикалық сюжеттің 
тұтастануы деп әуел баста батырдың бір ғана ерлігі хақында 
шағын өлеңге бірте­бірте басқа да қаһармандық эпизодтардың 


[
142
]
жіпке тізілген маржандай бір­біріне жалғана келіп, бәрі бірігіп, 
жаңа, біртұтас шығармаға айналуы процесін айтады. 
Екіншісі – ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану. Оған, 
оқымыстының пікірінше, тыңдаушылардың батырға, оның 
өмірбаянына деген ынтықтығы негіз болған. Бұл тәсіл бойын­
ша, эпос батырдың туғанынан өлгенге дейінгі ғұмырын баян­
дайды. Әрине, өмірінің әр кезеңін әр түрлі әңгімелейді. 
Мысалы, ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұста­
рын кең түрде, көтермелеп, пафоспен суреттейді.
Тұтастанудың үшінші түрі – шежірелік (генеалогиялық) 
си патты болады. Бұл шарт бойынша, эпос батырдың өзін ғана 
емес, оның ұрпақтарын да жырлайды. Сонымен қатар эпоста 
батырдың бабалары да жырланады, сөйтіп бір көлемді эпопея 
құрылады. Бұл көп жағдайда тыңдаушылардың қалауы бо­
йынша жасалады.
Тұтастанудың ендігі бір түрі – бір орталыққа топтасу, яғни 
ұлы батырдың бірнеше батыры болады, эпос солар тура лы 
баяндайды. В. Жирмунскийдің ойынша, мұндай тұтастану 
үлкен феодалдық мемлекеттің пайда болуымен байланысты 
екен. Ұлы Карлдың, Владимирдің, Баяндырханның, Жоңғар­
дың патшалық сарайлары керемет ұқсас. Бәрінің де өздеріне 
берілген, адал қызмет ететін жаужүрек батырлары бар. Олар­
дың әрқайсысының қаһармандық өмірі мен іс­әрекеті бар, 
тіпті олардың әрқайсысы туралы арнайы жырлар да болуы 
ықтимал. Соған қарамастан бұл батырлар әр әміршінің немесе 
ірі баһадүрдің қарамағында қолбасылық етеді. Осы тұста 
айрықша айту қажет: В. Жирмунскийдің еңбегінен кейін 
өзге ұлт ғалымдары да фольклордағы циклдену мәселесін зерт­
тей бастады. Солардың алғашқыларының бірі болып С. Са­
дырбаев қазақ эпосындағы тұтастану проблемасы бойынша 
кандидаттық диссертация қорғады. Ғалым өзінің зерттеуін 
Мұрын жырау жырлаған «Қарадөң батыр мен оның ұрпақтары» 
негізінде жазып, тек қазақ жырына ғана емес, жалпы эпосқа тән 
тұтастанудың мәселелерін де қамтыған. В.М. Жирмунскийдің 
пікіріне сүйене отырып, ол тұтастанудың жалпы төрт түрі 
болатынын айтады. «Бірінші, – деп жазады ол, – бір батырдың 
басынан кешкен әр алуан оқиғалар мен жеке­дара істері (Илья 
Муромец пен Добрыня Никитичтің әр түрлі сапары) айтыла 


[
143
]
беретіндігі. Бұл – тұтастанудың алғышарты. Екінші, батыр­
дың туғаннан бастап, өлгеніне дейінгі аралықтағы (балалық 
шағы, үйлену, алғашқы сапары) іс­әрекеттері жырда толық 
айтылып, мұны өмірбаяндық тұтастықта айтатындығы...
Үшінші, батырдан батыр туады, ол да ата жолын қуады. 
Алғашқы бабасы қалай батыр болып туса, одан туған немере­
шөберелері бір­бірінен асып түскен батыр болып суреттеледі. 
Мұны ғылым тілінде генеалогиялық (ұрпақтық) тұтастану деп 
айтады...
Төртінші, бас батырға бірнеше батырлар шексіз бағынса, 
мұны бір орталыққа тұтастану деп атаймыз. Тұтастанудың 
төртінші түрі – қазақ эпосында жоғары дәрежеде дамымаған»
8
.
Ғалымның соңғы пікіріне қосылуға болмайды, себебі ол 
кісінің өзі «орталық тұтастану» деп атаған құбылыс «қазақ 
эпосында жоғары дамымаған» деуге еш негіз жоқ. Орыстың 
Владимир князіне бағынған Илья Муромец, Алеша Попович, 
Добрыня Никитич, сондай­ақ Манастың қырық чорасы тәрізді 
бір батыр мен бір әмірші төңірегіне топталған батырлар мен 
олар туралы жырлар қазақта да бар. Мұны «Қырымның қырық 
батырынан», әсіресе – Абылай ханның Бөгенбай, Қабанбай, 
Олжабай батырларынан айқын көруге болады. Бұлардың 
бәрі – Абылай төңірегіне топтасқан батырлар. Олардың 
әрқайсысы туралы жекелеген өлең­жырлар да бар. Демек, 
қазақ эпосында тұтастанудың төртінші түрі де қалыптасқан 
деп айтуға болады. Осы ретте Сұлтанғали Садырбаевтың мына 
сөзіне көңіл аударуға болады.
«Ауыз әдебиеті қай елде ерте дамып, бұрынырақ шарықтау 
шегіне жетсе, сол елдің эпикалық поэзиясында тұтастану 
процесі пайда болса керек»
9
, – деп жазады ол. Ғалымның 
бұл пікірімен де келісе қою қиын, өйткені тұтастану процесі 
фольклордың көне түрінде де кездеседі. Бұл жерде акцент 
басқаша болуға керек. Әңгіме тұтастану құбылысы қай 
дәуірде пайда болғандығы туралы емес, фольклордың қоғам­
дағы рөлі мен қызметіне байланысты болса керек. Яғни фоль­
клордың таза танымдықтан гөрі көркемдік функциясы, қай 
елдің әдебиеті өнер қызметін, яғни эстетикалық функция 
атқаратындығы есепке алынуы қажет сияқты. Бір ескерілетін 
жағдай – қоғамдық дамудың әр дәуіріндегі фольклордың 


[
144
]
тұтастануы әр түрлі болып келеді. Айталық, тайпалық дәуір 
фольклорында ғұмырнамалық және шежірелік тұтастану 
орын тепсе, феодалдық қоғам фольклорында олармен қатар бір 
орталыққа тұтастану мен тарихи циклдену пайда болады.
Бұл айтылғандардан «қазақ фольклорында тұтастанудың 
қандай түрлері кездеседі?» – деген заңды сұрақ туа ды. Біз­
дің ойымызша, қазақ фольклорында (біз жалғыз эпоспен 
шектелмейміз) тұтастанудың алты түрі бар:
10
сюжеттік, ғұмыр­
намалық, шежірелік, тарихи, орталықтық («Отандық» десе 
де болады) және географиялық. Енді осылардың әрқайсысын 
жеке қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет