Географиялық тұтастану. Географиялық тұтастану жоғары
да қарастырып өткен барлық циклдену түрлерімен байланыста
болады, өйткені кез келген ісқимыл белгілі бір жерде, бір
кеңістікке өтеді. Тіпті кейбір эпикалық туындыларда кейіпкер
жер шарлап, бірталай елді аралайды, ал батырлар әр жақта
жатқан бірнеше елді мекенді жаулап алады. Кейіпкердің бүкіл
өмірі, ісәрекеті бір жерде өтпейді, ол, кәдімгі болмыстағыдай,
ел аралап, жер көріп, кейде жорықпен, кейде құдалықпен, кейде
Жерұйық іздеумен, әйтеуір әр түрлі себептермен кезіп жүреді.
Және оның сапарлары, қалай болса солай емес, белгілі бір
ретпен болады. Олай болатыны – фольклорлық шығарма өзінің
кейіпкеріне лайық (әйел, тұлпар, дос, дұшпан тауып бергені
сияқты) жерлерді іздестіреді, оларды тауып, қаһармандық
өмір жолына, ісәрекетіне сәйкес етіп топтастырады. Мұнда
мынандай нәрсе байқалады. Кейіпкердің жүрген жерлері көп
жағдайда шын географиялық атаулар болып келеді, сонымен
бірге олар ойдан шығарылған болады. Шын жер атаулары
болатын себебі, біріншіден, жыршылар өз рутайпасы тұратын
өлкені немесе өзі аралаған жерлерді жырға енгізеді, екіншіден,
[
190
]
жыр лар болған оқиғалардың жерлерін тарихқа сәйкес атап,
дәстүрге айналдырады.
Сонымен, географиялық тұтастану дегеніміз – бір фольк
лорлық шығармада көптеген жер атауларының бас кейіпкерге
байланысты көрінуі болып шығады. Біздің байқауымызша,
фольклордағы географиялық тұтастану екі түрлі болады; бірі
бірнеше жер атауларының бір кейіпкердің ісәрекетіне телінуі
де, екіншісі – бірнеше қаһарманның бір жерде, бір өлкеде іс
қимыл көрсетуі.
Алғашқы түрі кез келген эпикалық шығармада ұшырасады
десе де болады. Мысалы, Асан Қайғының Жерұйықты іздегені
туралы утопиялық әпсаналарды алайық. Мұнда не жайлы
қоныс іздеп, Асан Қайғы Қазақстанның барлық түкпірін шар
лайды, тіпті Ресейге, Қытайға, Ауғанстанға, Иранға да барады.
Рас, әр әпсанада жерлердің аты әр түрлі. Олай болатыны,
айтушы жалпы сюжеттің қаңқасын сақтай отырып, өзі көрген
жерлерді немесе өзінің ел жұрты тұрып жатқан аймақтың
мекендерін атайды.
Айтылмыш жағдайды эпостан да көруге болады. Мәселен,
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры. Жырдың әр вариантында
Қозының, Айбастың, Қарабайдың, Қодардың жүріп өткен
жерлері жалпы бір түбірде айтылған ортақ атаулармен қатар
әр түрлі болып келеді. Айталық, Радлов вариантындағы жер
атаулары: Шыршық, Бассу, Әзіреттау, Шолаққорған, Қаракөл,
Шу, Бетпақдала, Көкшетау, Құсмұрын, Аягөз, Сандықтас,
Темірші, Қазанқап, Жауыржорға, Шұбарайғыр, Моншақтау,
Жамшысу, Тоқырауын, Мұзтау, Жайсаңкөл.
Міне, аталған топонимдер арқылы жыр кейіпкерлерінің
оңтүстіктен шығып, Қаратау асып, солтүстікке бет алғаны,
Бетпақдаладан өтіп, Орталық Қазақстанға барғаны, содан кейін
Шығыс Қазақстанға сапары көрсетіледі. Яғни, үдере көшкен
Қарабайдың, оның ізімен жүрген Қодар, Айбас, Қозылардың
бүкіл қазақ сахарасын шарлаған маршруты қарастылған.
Ал Шөже вариантында сәл өзгешілік бар. Оның қаһар
мандарының барған жерлері: Аягөз, Өлеңті, Ақкөл, Жайылма,
Сарыарқа, Домбыралы, Моншақты, Алтын сандық, Ақшатау,
Тоқырауын, Қарқаралы, Қазылық, Баянауыл, Есіл, Нұра,
Жауыр, Бұғы, Шу, Талас, Қызылжар, Ақжар.
[
191
]
Жанақ нұсқасында кейіпкерлердің сапары мына жерлермен
өтеді. Шыңғыс, Қалба, Мыржық, Қүреңіс, Ақкезең, Семей,
Ертіс, Іле, Құлжа, Шыршық, Сыр, Қоқан, Сарыарқа, Бетпақ,
Сақалды, Шу, Аягөз, Лепсі, Тарбағатай, Қатынсу, Ақсәуле,
Жетісу, Қызыл белбеу, Құбажон, Шұбарайғыр, Мейізек,
Қарқаралы, Шідерті, Түйемойнақ, Жылытау, Сауыр.
Үш вариантта көптеген жер аттары тұрақты кездеседі.
Міне, бұл – сюжет пен кейіпкерлерге сәйкес топонимдер, яғни
мұндағы топталу дәстүрге еніп, географиялық тұтастануға
әкелген.
Сонымен қатар, бұл нұсқалардағы жер атауларында ал
шақтық та бар. Ол енді жыршыға байланысты. Мысалы, Шөже
вариантында Орталық Қазақстан топонимдері көбірек. Себебі
ол осы өңірде туыпөскен, осы өлкені көп аралаған, сондықтан
ол өзі білетін жерлерді де кіргізіп отырған.
Жанақ та солай. Ол солтүстікшығыс аймақта туыпөскен.
Сол себепті оның жырлаған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуында»
осы күнгі Қарағандыдан шығысқа қарай, дәлірек айтсақ,
Қарқаралыдан әрі жақтағы жерлер аталады.
Демек, эпикалық туындылардағы тұтастану жыршыға да
байланысты.
Жоғарыда айқанымыздай, географиялық тұтастанудың ен
дігі бір түрі – бірнеше батырдың нақты бір жерге немесе өлкеге
телінуі, яғни әр кездің батырлары, сондайақ бір заманның
ерлері де бір орталыққа жиналып, бір өңірде ісәрекет істейді.
Бұл жайт тұтастанудың аталмыш түрін тарихи тұтастануға,
әсіресе, оның мемлекеттік, яғни бір орталық пен бір басшы
төңірегіне топталған түріне жақындатады. Айтылған ойға
дәлел етіп, «Қырымның қырық батыры» эпопеясын және
Абылай мен оның батырлары туралы жыраңыздарды келтіруге
болады. «Қырымның қырық батырын» алайық:
Ең алдымен айтатын нәрсе: бұл эпос тұтастанудың барлық
түрінен өткен, мұнда сюжеттік циклдену де, ғұмырналық
циклдену де, шежірелік циклдену де, тарихи циклдену де бар.
Соңғы циклдену түрі географиялық тұтастануға үлкен әсер
еткен, өйткені мемлекеттік кезеңдегі тұтастану, бір жағынан,
мемлекеттің көп жылғы тарихын қамтыса, екінші жағынан,
сол ұзақ тарихты көрсету үшін мемлекет тұрған кеңістікті де
[
192
]
көрсетуді керек еткен. Сөйтіп, «Қырымның қырық батырын
да» Алтын Орда, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығы тұстарындағы
билеушілердің қаһармандық шежіресі тұтастанудың барлық
үл гісі арқылы жыр түрінде баяндалған да, үлкен эпопеяға ай
налған. Ал эпопеяның алтын діңгегі – «Едіге» туралы жыр.
Эпопея Едігенің ең арғы бабасы Аңшыбай батырдың әң
гімесінен басталып, оның аталары Парпария мен Құттының
ерлігін, Едігенің өзінің, содан кейін оның Нұрадын, Мұсахан,
Орақ, Мамай, Қарасай, Қази деген үрімбұтағының да
қаһармандығын мадақтайды. Осы бірнеше ұрпақтың батыр
ларын баяндайтын эпопея бірнеше ғасыроқиғасын қамтыған.
Оның ішінде тарихи адамдар мен ақиқат оқиғалар да, ойдан
қосылған жайттар мен кейіпкерлер бар. Бұл мәселені кезінде
В.М. Жирмунский егжейтегжейлі зерттегендіктен
50
біз оған
тоқталмай, назарымызды осы эпостағы географиялық тұ
тастануға ғана аудармақпыз. Осы тұрғыдан келгенде талай
ғасырғы тарихы бар мемлекет ішінде болған оқиғалардың
(әр заманға жатса да) Қырымда, оның төңірегінде болуы, бір
жағынан, эпостың тарихқа қатысын көрсетеді. Яғни аталмыш
эпопеяда, тіпті бүкіл эпос жанрында, ісәрекет ететін жерлер,
топонимдер тарихтан алшақ болмайды. Демек, фольклорлық,
утопиялық, шарттылығы болса да, кеңістік пен уақыт бір
біріне сәйкес болады деуге негіз бар. Бірақ, рас, олардың
қайшылықтары да жоқ емес. Кейде уақыт сығымдалып, тез
өтіп жатқанда, кеңістік, керісінше, өзгермей бір жер болып
келеді. Енді бірде уақыт жылжымай, бір орнында тұрады да,
кеңістік өзгеріп отырады. Ал олардың сәйкестігі шектелуден
көрінеді, яғни эпос та, уақыт та, кеңістік те тұйықталып кө
рінуі мүмкін: кейіпкер туып, өлетіні сияқты, үйден шығып,
қанша жерді шарласа да, үйге қайтып оралады. Бұл, әсіресе,
прозалық шығармаларға тән. Кейбір эпостарда кейіпкер жолда
немесе шайқаста қаза болып, уақыт пен кеңістік шорт үзіледі,
бірақ бұл өте сирек кездеседі.
Осы айтылғандардың бәрі «Қырымның қырық батырында»
ұшырасады. Ал осындағы жер атаулары қандай, олар реалды
ма, жоқ па, қаншалықты тарихқа сай, енді осыған келейік. Бұл
мәселеде де тарихи оқиғалармен үндестік бар екенін байқауға
болады. Яғни эпопеяда бейнеленетін басты батырлардың
[
193
]
негізгі мекені – Жайық пен Қырым аралығы екені шындық.
XV ғасырдың бірінші жартысында пайда бо лған Ноғай Ордасы
өзінің XVII ғасырда әлсіреген уақытына шейін Жайықтан
батысқа қарайғы Қырымға дейінгі аралықты алып жатқаны
белгілі. Ал ноғайлы елі күшейіп тұрған шағында Кавказға да,
Ресейге де, Қазақстанға да, Орта Азияға да жорық жасап, бірде
жеңіп, бірде жеңіліс тауып отырды, араарасында олардың
әрқайсысымен одақ құрып та жүрді. Міне, осы жағдай дәлме
дәл тарихтағыдай болмаса да, эпо пеяда өзінше көрініс тапқан:
батырлар өзінің мекенінде тыныш өмір сүріп, жорыққа шет
жаққа шығады. Жырда олардың атамекені – Қырым да,
кей батыр өзінше отау тіккен кезде осы Қырым аймағының
Жайыққа дейінгі жерінен жеке мекен табады, қала салады.
Мысалы, Аңшыбай, Құттықия, Едіге, Нұрадындар «Қырық
таңбалы Қырымды» мекендесе, Мұсахан мен ҚарасайҚазилар
«Хантөрткүл» деген қала салып, сонда тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: |