[
171
]
тарушы ғана емес, оның
ісін жалғастырушы,
елінжұртын,
шаңырағын қорғаушы. Рас, жеті ұрпақтың
бәрі бірдей алып
күштің иесі емес, олар әр түрлі. Біреуі – әкесіне тартқан ержүрек
болса, екіншісі – перизаттан туған ерекше адам. Бір қызығы –
олардың көбісі жастайынан
жетім қалып, қуғынсүргін көреді,
кейбіреуі әлқуаты азайған, кедейленген,
жалғыз қалған, кәрі
батырдың үйінде туып
, көп қиыншылық көріп өседі. Бұлай
болудың себебі, сөз
жоқ, фольклордың нашарды жақтайтын
эстетикасы, әлсіздер мен бейшараларды аяйтын, аялайтын, сол
арқылы өмірдегі әділетсіздікті жоюға тырысатын әлеуметтік
утопиясы
. Соның арқасында кешегі «балтыры қотыр, басы
таз» жетім
бала ел қорғаны болып шыға келеді. Мысалы бүкіл
Қырым
батырларының бабасы Аңшыбайды алайық:
«Аңшыбай батыр үш
жасына келгенде, шешесі өліп, жетім
қалады. Төрт жасына келгенде, әкесі өледі. Панасыз жетім
қал
ған баланы ауылдағы балалар ауылға келтірмей қуып
жіберетін еді далаға.
Сонда Аңшыбай жыңғылдан жақ, оқ
жасап алады да, «балалық құрысын» деп қаңғырып жүріп бір
тоғайға тап болады. Тоғайдың ішінде бір алақандай көл
бар
еді. Соның бетінде шіл, үйректер болатын. Соларды атып
алып
отқа қақтап, пісіріп жеп жата береді. Шіл, үйрек деген ұсақ құс
болатын. Сол тоғайда алты жыл өмір сүріп жата берді. Жасы
онға толады. Әжептәуір жігіт бола ды»
36
.
Әрі қарай Аңшыбайдың осы көл жағасында екі пері қызына
жолығып, соларға үйленбек оймен
еліне барғандағы жағдайы
былай суреттеледі:
Ноғайлының шетіне
Аңшыбай бір күн жетеді.
Қыздардың айтқанын
Өзіне үлгі етеді.
Ер мырзаның үйіне
Аңшыбай барды қыдырып.
Ешкім қарсы алмады
«Бауырымдап» жүгіріп.
«Ноғайлы елім, сен, – деді. –
Жігіт болдым мен, – деді. –
Алайын әйел мен», – деді.