Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет5/85
Дата12.12.2023
өлшемі1.43 Mb.
#486299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
kaskabasov s tandamaly tom 2 mifologiia folklor debiet zertt

 
«Бұдан әрі баруға біздерге жол жоқ!» – деп, олар Ер Төстікпен 
қоштасып, қала береді»
14
.


[
17
]
Әрине, қазақ фольклорындағы бұл бейнелер – баяғы рух­
иелердің мифологиялық сипатын сақтаған ежелгі кейіпкерлер 
емес. Олар көп өзгеріске ұшыраған. Дей тұрғанмен, мұнда 
көне мифтік ұғымдардың ізі бар екені күмәнсіз. Дәл осындай 
жайтты төрт түліктің иелері тура лы мифтерден де байқаймыз.
Ал көне мифологиядағы рух­иелер алғашқы қауым мифінде 
дүниені жаратушы әрі күллі әлемнің иесі болып көрсетіледі. 
Мұндай кейіпкерлердің қалдығы кейінгі заманда қалыптасқан 
жанрларда да, мысалы, ертегіде, эпоста көрініс береді. Яки 
болмаса олар басқа сипаттағы кейіпкерлер болып бейнеленеді. 
Мысалы, бұл рух­иелер құлиеленуші мемлекеттің жүйеленген, 
циклденген жаңа мифологиясында табиғаттың әр құбылысын 
билейтін құдайлар болып өзгереді. Сөйтіп, көпқұдайлықты 
қалыптастырады. Ал феодалдық мемлекет тұсында бұл рух­
иелер бұрынғы күштен айырылады. Бұлар енді бұрынғы 
құдай қасиетінен ада болады, өйткені бірқұдайлық ресми 
дін байырғы көпқұдайлықты жоққа шығарады. Сөйтіп, енді 
ежелгі рух­иелер алуан түрлі құбыжыққа айналады. Соның 
айғағы – қазақтағы албасты, жезтырнақ, үббе, т.б. осы сияқты 
кейіпкерлер. Бірақ осыған қарамастан, оларда ежелгі рух­
иелік қасиет сақталған. Айталық, Үббе – өзен иесі, Сөрел – 
орман иесі, Жезтырнақ – қамысты дала иесі, т.т.
Бұл аталған рух­иелер ежелгі ата­бабаларымыздың алғаш
­
қы рулық өміріндегі мифтерінде әлемді жаратқан күштер 
болғаны сөзсіз (өкінішке қарай, ол мифтер бізге жетпеген). 
Біз бұл жағдайды тарихи­типологиялық әдіс бойынша қал­
пына келтіруімізге болады, яғни, қазақ мифологиясының кө­
не заманғы сипатын тарихи­стадиялық жағынан ұқсас мифо­
логияны қарастыру арқылы аңдауымызға мүмкіндік бар еке­
нін көріп отырмыз.
Сонымен, алғашқы қауымдағы рух­иелік мифологияның 
басты сипаты мен ерекшелігі төмендегідей болып келеді.
Ең көне мифтерде жанды­жансыз табиғаттың бірлігі, адам 
мен табиғаттың бірлігі, адам мен табиғаттың теңдігі туралы 
түсініктер айқын көрініс береді. Осы ұғымдардың нәтижесінде 
адам өзін қоршаған табиғаттан, жан­жануарлардан бөлмейді. 
Соның салдарынан мифтерде адам аңға, құсқа, тау­тасқа 
оп­оңай айнала алады. Бұл – алғашқы қауым адамының 
2­279


[
18
]
жер бетіндегі, яғни өзінің маңайындағы заттарды «тануға» 
ұмтыл ғанының белгісі. Сонымен қатар, бұл мифтер алғашқы 
қауым адамына тән мифологиялық сананың бірінші сатысын 
көрсетеді.
Мифологиялық сананың екінші сатысы – адам өзінің өлі 
табиғаттан, жан­жануарлардан бөлек екенін сезінген жағдай. 
Бұл тұстағы мифтерде адамның басқа нәрсеге айналуы өз 
еркімен емес, біреудің күштеуімен, немесе бір жағдайға 
байланысты мәжбүрліктен болады. Бұл кезде адамдар жер 
бетіндегі заттар мен жан­жануарларды «танып» болып, енді 
аспан шырақтарына назар аударады, сөйтіп Күн, Ай, Жұл­
дыздар қалай пайда болды деген сауалдарға жауап іздейді. 
Оған жауап ретінде мифтер шығарады да, енді бұрынғы әдісті 
қолданып, маңайындағы дүние қалай жаралса, аспанда да 
солай деп түйіндейді. Өз өмірін аспанға көшіреді, әрі ежелгі 
мифтерді пайдаланады, оны өзгертеді. Соның нәтижесінде 
аспан шырақтары да адамның айналуынан пайда болған деген 
мифтер туады. Бірақ мұндағы айналу бұрынғыдан басқаша: 
адам әр түрлі себептен аспанға ұшып, жұлдыздарға айналады
көп жағдайда жазадан қашып немесе қорқып көкке ұшады.
Осы айтылғандарға сүйене отырып, рух­иелік мифологияны 
мына ретпен қарастырғанды жөн көрдік. – Бірінші кезекте 
жер бетіндегі объектілер мен жануарлардың пайда болуын 
баян дайтын мифтер сөз болады. Мұнда алдымен адамдар мен 
аң­құстардың бірге өмір сүруін көрсететін, содан соң олардың 
бөлектенуін, яғни, маңайдағы тау­тастың, өзен­көлдің, жан­
жануардың, әрі адам дардың пайда болуын баяндайтын мифтер 
талданады.
Екінші кезекте аспан әлемінің, жекелеген жұлдыздардың 
қалай пайда болғаны туралы мифтерге тоқталамыз. Ай мен 
Күн, Үркер, Жетіқарақшы, Шолпан, т.б. шырақтар жайлы 
әңгімелейтін және Темірқазық пен Топан су жөніндегі мифтер 
де қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет