Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет9/85
Дата12.12.2023
өлшемі1.43 Mb.
#486299
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
kaskabasov s tandamaly tom 2 mifologiia folklor debiet zertt

Тау-тастың, басқа объектілердің пайда болуы. Рух­иелік 
мифологиядағы аңдардың пайда болуы, негізінен, адамдардың 
азғындап, күнәлі немесе кінәлі болғанымен байланысты болса, 
тау­тастардың, тағы баска объектілердің жаратылуы адамды 
жазалаумен ғана емес, басқа да жағдайлармен байланысты 
болып келеді. Олардың ішінде таудың немесе басқа объектінің 
ешбір қарғаусыз, ешбір жазасыз пайда болатыны бар, ал бұл – бір 
нәрсенің екіншіге оп­оңай әрі өз­өзінен айнала алады деген 
мифологиялық сананың бірінші сатысына тән түсінік екені 
белгілі. Мысалы, қазақтағы Бөрітастаған тауы туралы мифті 
алуға болады. «Бұрынғы заманда бір үлкен ұрғашы алып 
Тарбағатай тауында ешкі бағып жүріпті. Бұл ұрғашының 
зорлығы сонша екен – қашан Тарбағатайда отырғанда, мұның 
аяғы кіші Тарбағатайда жатады екен. Күндердің бір күнінде 
бұл алып ұрғашы ешкілерін бағып, жіп иіріп отырғанда, 
мұның ешкілеріне қасқыр шауыпты. Бұл ұршығын қасқырға 
лақтырғанда, ұршығы барып Сары даланың ортасына түсіп, 
сол арада тау болып қалыпты»
26
.
Міне, мұнда таудың пайда болуы ешбір қарғыссыз, жазасыз 
жүзеге асады. Иесі лақтырып жіберген ұршық өз­өзінен тауға 
айналып кетіп отыр. Таудың бұлай пайда болуы туралы миф 
көп жұртта бар. Мәселен, Африка бушмендерінде мынандай 
миф айтылады екен.
«Ерте заманда Гиау атты агама­кесіртке бір ежелгі халық 
ішіндегі адам болған екен. Бірде ол сапарға шығыпты. Жолдағы 
таулардан секіріп өтпек болғанда, таулар оны ұстап алыпты да, 
екіге бөліп тастапты. Сөйтіп, оның кеуде жағы домалап барып, 
кілт тоқтапты да, Гхуру деген тауға айналыпты, ал, бөксе жағы 
Гцегцваи деген тауға айналыпты»
27
.
Бұл мифте алғашқы қауымның мифологиялық санасына 
тән адам мен аңның, адам мен табиғаттың біртұтастығы 


[
26
]
туралы түсінік айқын көрінеді. Қазақтардың сары ала қаз 
неме се көкек бұрын адам болыпты деген мифінің ең бір көне 
варианты екені күмәнсіз. Адам мен хайуанның бір­біріне 
оп­оңай айналып кететіні – анимистік көзқарас тұрғысынан 
өте заңды нәрсе, өйткені мифтік сананың бірінші сатысында 
адам мен табиғат теңдігі заңы бойынша адам да, табиғат та бір 
нәрсе, бір құбылыс деп ұғылған. Сондықтан да алғашқы қауым 
мифтерінде оларды бөлу жоқ. Мысалы, африкалық бушмендер 
мифтерінің кейде «Ерте уақытта ағаштар да, жануарлар да 
адам болған»
28
деп басталуы біздің ойымыздың дұрыстығын 
дәлелдейді.
Ал енді жоғарыда келтірілген кесірткенің адам кезіндегі 
дене сінен екі таудың жаралуы алғашқы қауым кезіндегі миф­
тер кейін құлиеленуші мемлекет тұсындағы мифологияда 
өзінің дамыған жалғасын тапқан. Көне Египет, Шумер, Вави­
лон, т.б. елдердің мифологиясындағы әлем бөлшектерінің әр 
түрлі құдайлардың денесінен пай да болуы – осының айғағы.
Тау­тастың адамнан пайда болғаны туралы қазақ мифология­
сында да айтылады. Мәселен, атақты «Келіншектау», «Қырық 
қыз», «Жеке батыр» деп аталатын тау­тастардың пайда болу 
тарихы осылай әңгімеленеді. Рас, олардың пайда болу себебі 
әр түрлі. «Қырық қыз» тауы адамдарға төнген қауіптен пай­
да болса, «Жеке батыр» адамның қатты шаршап, ұйықтап 
кетуінен пайда болады. Ал «Келіншектау» – әке қарғысынан 
тауға айналған адам, яғни, мұнда рух­иелік мифологияға тән 
кінәлі адамды жазалау әдісі көрініс береді.
Адамдардың пайда болуы. Осы уақытқа дейін біз жер 
бетіндегі объектілер мен жан­жануарлардың пайда болуы тура­
лы мифтерді сөз қылдық. Енді адамдар қалай жаралғаны жайлы 
мифтерді қарастырамыз. Алғашқы қауымның архаикалық 
мифтерінде адамның пайда болу жолы (әдісі) әр алуан: адам­
дар өз­өзінен пайда болған, олар ағаштан (бамбуктан), т.б. зат­
тардан немесе аңнан адамға айналған, яки болмаса, оларды 
жасампаз қаһармандар әр нәрседен жасаған. Мына бір көне 
мифке көңіл бөлейік:
«Бушмендердің бабалары жердегі тесіктен шыққан. Тесік 
бүкіл елді басқан алып ағаштың тамырларының арасында екен. 
Адамдардың артынан іле­шала жануарлар да шығыпты: екіден, 


[
27
]
үштен, төрттен, кейбірі – топ­тобымен. Бәрі жанталасып, бірін­
бірі итеріп, жаншып аласұрыпты. Бірте­бірте топтар көбейіп, 
енді аңдар ағаштың тамырларынан ғана емес, бұтақтарынан 
да шыға бастапты. Күн батқан кезде хайуандардың шығуы 
тоқтапты. Жер бетіне шыққан аңның бәрі алып ағаштың асты­
на, маңайына орналасыпты. Аңдар адамша сөйлейді екен...»
29
.
Текстен байқалатын нәрсе – алғашқы адамдардың өз­өзінен 
пайда болғаны. Оларды ешкім жасамаған Жердің астында олар 
аңдармен бірге өмір сүрген, яғни аңдар мен адамдардың өмір 
салты, тілі бірдей, олардың карым­қатынасы да адам қауы­
мындағыдай...
Екінші мысалға тоқталайық:
«Бір замандарда Сангаста демалар (керемет нәрселер, ілкі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет