Қасқабасов С. Таңдамалы



Pdf көрінісі
бет8/85
Дата12.12.2023
өлшемі1.43 Mb.
#486299
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85
kaskabasov s tandamaly tom 2 mifologiia folklor debiet zertt

 құстар жиылып ап, 
Құдайға барып жалыныпты: «Жайық біздің бәрімізді құртып 
жіберетін болды», – деп. Құдай оны жерге көміп тастапты да: 
«Жер бетінде өмір сүре алмадың, енді жер астында ғұмыр кеш, 
түбір­тамырлармен қоректен», – депті...»
23
Міне, мысалға келтірілген қазақ мифтерінде адамдардың 
әр түрлі аңға айналуы – олардың ел алдында, Құдай алдында 
кінәлі болуының салдары. Алғашқы мысалда жер бетінде 
апалы­сіңлілі, ағалы­інілі төрт­ақ кісі өмір сүрген, олардан 
басқа адам болмаған деп, мифтік уақытқа меңзейді. Сонымен 
бірге бұл мифте алғашқы қауымға тән қан араласатын 
үйлену салтының ізі, сондай­ақ сол салтқа қарсылық бар, бұл 
қарсылық кіші қыздың сөзі арқылы көрсетіледі. Ол әпкесінің 
ұсынысын қабыл алмай, бірге туған адамдардың үйленуін күнә 
деп түсіндіреді, (ал бұл – кейінгі бірқұдайлық діннің ұғымы), 
сондықтан үлкен қыздың әке қарғысына ұшырауы, құдайдың 
жазасына тап болып, аңға айналып кетуі заңды деп табылады. 
Үлкен қыздың бірнеше күнәсі тағы бар: а) туған бауырымен 
көңіл қосайық деп ниет қылуы; ә) бауыры мен інісін көңіл 
қосуға үгіттеп, күнәға итеруі; б) Құдайға тіл тигізуі; в) көнбеген 
бауырына қастық істеуі.
Осыншама кінәсі бар қыз Құдай алдында күнәһар болады, 
демек, оның жер бетінде адам болып жүруге хақысы жок. Сол 
себепті әкесінің қарғысына, Құдайдың қаһарына ұшырайды
мәлінге айналдырылады.


[
24
]
Екінші және үшінші текстерде де адамдар кінәсі үшін суыр­
ға, құндызға айналып кетеді. Мұнда да оларды аңға айнал дыр­
ған – Құдай.
Қазақ мифінде кінәсі бар немесе күнәға батқан адамдарды 
жазалаушы – Құдай. Сөз жоқ, бұл – бірқұдайлық ислам дінінің 
әсері.
Ал архаикалық мифтерде кінәлі адамдарды жазалау 
шы 
ретінде рух­иелер немесе жасампаз қаһармандар, я болмаса, 
басқа бір күш (құбылыс) көрінеді. Мысалы, африкалықтардың 
мифологиясында баяғы заманда қорқау касқырлар адам бол­
ған екен делінеді. Адамдар бір қыз үшін Хайнэні (Айды – 
С.Қ.) өлтіреді. Бүған ашуланған Ишоко (Күн  С.Қ.) адам­
дарды қорқау қасқырға айналдырып жібереді, ал олардың 
жақтастарын адам кейпінен шығарып, біреулерін шиебөріге, 
енді біреулерін мәлінге айналдырып жібереді.
24
Бұл мифте адамдарды кінәсі үшін аңға айналдыратын 
күш – Күн. Ол – жасампаз қаһарман дүниені жаратушы әрі 
билеуші болып бейнеленеді. Бұл кейіпкер – кейінгі замандар 
мифологиясында Күннің өзі емес, оның иесі, содан соң құдайы 
болып өзгереді. Мұны жоғарыда талдаған қазақ мифтерінен, 
сондай­ақ еуропалықтар отарлап, христиан дініне енген Афри­
кадағы, Мадагаскардағы кейбір тайпалардың мифінен де кө­
руге болады. Мәселен, мампруси жұртының мынандай мифі 
бар.
«Жер әлі қатайып үлгермеген болатын, белгілі бір формаға 
да келген жоқ­ты. Оны мықты болсын деп Құдай жіппен тікпек 
болады. Барлық аңдарға көздерін жұмғызады, өйткені олар, 
оның қалай тіккенін көріп қойса, ашуланған кезде тігісін сөгіп 
жібереді деп қорқады. Аңның бәрі көзін алақанымен басып 
тұрғанда, Кунбунгу саусағының арасынан бір көзімен қарап 
тұрады. Мұны байқаған Құдай жаңағы Кунбунгу тышқан тұр­
ған жерді екіге жарып жібереді. Содан бері Кунбунгу жердің 
астында тұрады»
25
.
Сонымен, аң мен құстардың пайда болуы, рух­иелік мифо­
логияның айтуы бойынша, адамдардың әр түрлі себептермен 
біреуге зияндық істеп, кінәлі немесе күнәлі болғандығы үшін 
жаза тартып, адам кейпінен айырылып хайуанға айналған­
дығының салдары болып көрінеді. Жа залаушы – ежелгі мифте 


[
25
]
дүниені жаратушы жасампаз қаһарман я болмаса, әр түрлі 
құбылыстың, заттың, т.б. нәрсенің рух­иесі. Кейінгі замандарда 
көне миф өзгеріске түсіп, оның кейіпкерлері де басқаша болып 
өзгереді. Оның үстіне мифтердің көпшілігі бертінгі уақытта 
жазылып алынғандықтан, оларда мезгілдің әсері бар екенін 
ескермеске болмайды. Рух­ие мен жасампаз қаһармандардың 
орнына құдайдың пайда болуының себебі осында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет