Ғылыми жоба Тақырыбы: Қазақстандағы жетімдер үйі



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата13.12.2023
өлшемі491.2 Kb.
#486373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Шарафатова Ұлдана2

Жұмыстың мақсаты: Ата-анасыз қалған, мемлекеттің көмегі мен 
қорғауына мұқтаж балалар үшін құрылған тәрбие беру мекемесін зерттеу.
Жұмыстың міндеті
1.Жетімдер үйіне сипаттама беру 
2. Жетімдердің статистикалық көрсеткіші 
3. Тәрбиеленушілердің бейімділігінің негізгі көрсеткіштері 



Зерттеудің нысаны: жетімдер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
1.1 Жетімдік. Жетімдіктің негізгі себептері

Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан 


айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық 
жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі 
жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-
лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. 
Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық 
дамуы тежеледі.
Жетімдік әлеуметтік жетім және тұл жетім болып бөлінеді. Әлеуметтік 
жетім - ата-анасы бар немесе қайтыс болмаған, бірақ ата -ана өз келісімдерімен 
баладан бас тарту, сондай-ақ ата-ананың түрлі сол қылықтарға бару арқылы 
олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу.
Әлеуметтік жетімдікке әкелетін себептер:
анасының алкоголизмді қолдануы
• ата-анасының ажырасуы; 
• босқындар мен қашқындар отбасыларына жату; 
• ананың мүгедектілігі; 
• ата-ананың баланы тастап кетуі; 
• ата-аналық құқықтың орындалмауы
• әкесінің өлімі; 
• Бас бостандығынан айыру орындарына түсіп қалу. 
Тұл жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасының 
біреуінің қайтыс болуы тұл жетім деп аталады. Қазіргі таңда әлеуметтік жетім 
тұл жетімге қарағанда 80 пайызды құрап отыр. Қалған пайызы ғана тұл 
жетімдер.
Кейбір әдебиеттерде жетімдіктің себептерін келесілерге бөледі:
1. табиғи – географиялық, экологиялық, биогенетикалық, табиғи апаттар: жер 
сілкінісі, су тасқыны, борандар, таудағы қар көшкіні.
2. техногендік – авариялар, апаттар, өндіріс орындарынан травма алу.
3. әлеуметтік - әлеуметтік және халықаралық қақтығыстар, соғыстар.
4. әлеуметтік-экономикалық – «кедейшілік» факторы: ашаршылық, 
кедейшілік, 
аурулар, 
тұрғын 
үйлерінің 
жоқтығы, 
өмір 
сүру 
деңгейінің төмендігі, медициналық қызмет көрсетулер мен әлеуметтік 
қорғаудың болмауы.
5. 
әлеуметтік-психологиялық 
– қоғамдағы 
моральдың, 
мәдениеттің төмендігі, тәрбие, білім беру жүйесінің жеткіліксіздігі. 
6. криминалдық факторлар – қылмыс, ішімдік, нашақорлық. 
7. тұлғалық факторлар – құндылық бағдарларының жоқтығы, ажырасулар, 
баладан бас тарту. 
Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата-аналары қайтыс болған 
кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын-қыстау
ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның -



Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай 
қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х - ХХ ғасыр аралығындағы 
«жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға 
тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі 
жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі 
себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған 
байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, 
сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек 
арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік 
педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті 
болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен 
педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет