Ғылыми жоба Тақырыбы: Қазақстандағы жетімдер үйі


Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың қоғамдағы



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата13.12.2023
өлшемі491.2 Kb.
#486373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Шарафатова Ұлдана2

 
1.2 Ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың қоғамдағы 
рөлі 
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары жетім балалар мен ата-
анасынан ажыратылған, яғни олардың қамқорлығынсыз қалған балалардың 
жағдайы көпшілікті толғандыруда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының 
«Қазақстан-2030» даму стартегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиелініп 
жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы 
ұлттық тәрбие деп көрсеткен. Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық 
тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі 
бүгінгі күн талабы.Балалар үйінде тәрбиеленуші баланың жеке тұлғасының 
әлеуметтік қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар. Оның іс-әрекеті толы 
ғымен тәртіпке салынып қадағаланылады, бұл бала дамуында артта 
қалушылықты, масылдықты, жеке басы еркін ұйымдастырудың төменгі 
деңгейін туындатады. Сонымен қатар, әлеуметтендіруге байланысты ғылыми-
педагогикалық әдебиеттерде әлеуметтендіру деңгейлері мен факторлары және 
«әлеуметтендіру», «бейімдеу» ұғымдары бөліп қарастырылады. Жетім 
балаларды әлеуметтендіру мәселесін шетелдік, отандық ғалымдардың 
зерттеулеріне, тәжірибелерге сүйене отырып, теориялық, практикалық 
тұрғыда сипаттау қазіргі педагогика іліміндегі мұндай өзекті мәселені шешуге 
себеп болады. Көптеген теориялық деректерді талдау барысында біздің 
тарапымыздан қазіргі жағдайда жетім балаларға көмек көрсету жүйесінде 
жетім балалар тәрбиеленетін мекемелер қызметінің бірнеше жұмыс бағыттары 
айқындалды. Атап айтар болсақ, әлеуметтік, медициналық, психологиялық
ұйымдастырушылық-тәрбиелеушілік. 
Мұндағы 
тәрбиеленушілердің 
қоғамдық ортаға бейімделуі баланың әлеуметтік статусына сай емес, 
медициналық тұрғыдан бұл типтегі балалар тұқым қуалаушылық тұрғысынан 
дертке шалдыққан немесе жүйке жүйкелері тозу арқылы ашушаң, ызақор 
болып келеді. Мұның барлығы айналып келгенде олардың әлеуметтенуіне 
кедергі келтіріп, әлеуметтендірудің тиімділігін төмендетеді яғни, балалар 
шынайы өмірге даярланбайды. Оларды қоғамдық өмірге даярлауда өздерімен 
қатар бірге алып жүретін адамдардың қажеттігі туындайды. Олар ең алдымен 



әлеуметтік педагогтар, содан кейін психологтар, жалпы педагогтар. Оларды 
әлеуметтендіруге қиыншылық тудыратын себептерге тоқталар болсақ, олар 
әлеуметтік 
бейімделу 
деңгейлерінің, 
әлеуметтік 
белсенділіктерінің, 
әлеуметтік құзыреттіктерінің, әлеуметтік құндылықтарының қалыпта-суы 
төмендегідей болып отыр. Оларды әлеуметтендіру әлеуметтік педагогтар- 
тәрбиеші-педагог-қоғам жүйесі арқылы іске асырылуы тиіс деген тұжырым 
жасауға болады. Демек, жетім балаларға әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан 
көмек көрсету, өмір сүруге үйрету, өзімен қатар алып жүру әлеуметтік педагог, 
психологтардың, тәрбиешілердің, кәсіби іс-әрекеттерінің жүйесі болып 
табылады. Бұл жетім балаларды өзімен қатар алып жүру баланың бойындағы 
жеке қасиеттерге сүйену арқылы іске асырылады. Жетім балалардың тұлғалық 
әлеуметтенуіне бағытталған педагогикалық алғы шарттар жасалуы және 
теориялық тұрғыдан жүйеге келтірілуі, әдістемелік тұрғыдан нақты 
қарастыру, кезек күттірмейтін мәселе деп айтуға болады. Балалар үйіндегі 
тәрбиеленушілер шектеулі қарым-қатынастың шеңбе-ріндегі әлеуметтік 
байланыстардың тұйық жүйесінде өмір сүреді. Отбасының, білім беру 
жүйесінің әлеуметтендіру әсері барынша кемиді, достарымен, құрдастарымен 
қарым-қатынас шеңбері тарылады. Қоғам мекемедегі баланы шеттетіп, оны 
өзінен және де мәдени құндылықтар мен заңдылықтардан алшақтатады. 
Балаға қоғамнан алшақтату жағдайында әлеуметтік мәдени тәжірибені жеткізу 
қиындайды, ол ересек болған кезде де орны толмас тапшылық болып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет