Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
140
жұрт айтып жатқан ұзын сарынға қосылып, жерден басын көтермеген
күйі ол да əлдене деп ернін жыбырлатады. Түйенің үстіндегі ақ сəлделі
кісі алдында жатқан кітапты жауып, қолын жайып бата қылды. Жұрттың
бəрі жер тізерлей кетті. Батадан соң қара сұр қыраннан ине шаншар жер
қалдырмай жыбырлап тұрған көп халық етектегі қойнауға қарайлап
қойды. Бір жерде бү да келеді. Өкпесі өшіп барады. Бірақ жұрттан қалып
қоймайын деп ақ тер, көк тер боп жүгіріп келеді. Бұлар жотадан тусе
бере əлдеқайдан ызы-қиқы саздар сарнап қоя берді. Аспанда жарқ-жұрқ
оттар атылды. Мана күндіз əлгі ақ сəлделі адам құран оқыған қара сұр
қыраңға келе жатып, көзіне түскен кең қойнауда қаз қатар тізіліп тұрған
ағаш мұнараларға əлдекім от берген бе, шырадай маздап лаулап жанып
жатыр. Шошақ-шошақ төбешіктер арасындағы иір-иір қойнаулар
быжынаған отқа толып кетті. Кең алқапқа самсай қонған шатырлар тунгі
алаудан əр алуан шұғылаға малыныпты. Осынау мидай қайнаған алабажақ
дүниенің ортасында о да таң атқанша сенделіп шықты.
Ертеңіне кешегі ақ түйелі адам тағы да дұға оқыды. Жұрт тағы да
жапатармағай намазға ұйыды. Намаздан соң тағы да етекке қарай жеңкіле
жөнелісті. Қойнауға кіре берістегі жол ортасындағы қаққан қазықтай
қара тасқа əркім қалтасынан жүгерідей-жүгерідей жеті қара тас алып
лақтырды.
1
Мекеге қажыға барғанда киетін киім
.
Алқаптың орта тұсына жете бер-генде, тағы да тап əлгіндей қап-қара тас
баған жолықты. Оған да жеті тас тастады. Ең соңында жұрт бұжыр-
бұжыр қара тастардан қалай болса солай қалай салған тас қабырғаға
тірелді. Оған да жеті тас тасталды. Олар енді дəу-дəу тай қазандар
асылған жер ошақтарға беттеді. Қазанның маңында қолына сапы ұстаған
қасапшылар жұрттың ишарға атаған малдарын жайғастырып, əлеңкідей
жаланып жүр. Қазандықтардың арасында қайдан шыққандары белгісіз,
қайдағы бір жұтынған жарлы-жақыбайлар, қол жайған қайыршылар
қаптап кетіпті. Ихрам кигендер бір шетке шығып, қолдарына иір мойын
жез құман ұстаған біреулерге шаштарын жібіттіріп жатыр. Біреуінің
алдына барып, жүрелеп бү да отырды. Иір мойын жез құманның
шүмегінен саулаған жылы судан көптен бері құрысып-тырысып жүрген
төбе құйқасы бірден жазылып жүре берді. Шашын жібітіп тұрған қайыс
қара қынынан сумаң еткізіп ұстара суырып алды. Қимылына көз
ілеспейді. Бұның шашын əпсəтте-ақ сыпырып тастап, енді аяғы мен
қолының тырнағын алуға кірісті. Сосын шашын бір бөлек, тырнағын бір
бөлек түйді де, екі кішкене түйіншекті қосақтастыра байлап, жерге көмді.
Тай қазандар түсірілді. Иін тіресе жайғасқан қарақұрым халыққа табақ-
табақ ет тартылды. Ертеңіне жұрт шатырларынан шықпай күн ұзаққа дем
алды. Араға тағы бір күн салып барып ойпаңда жатқан шаһарға беттеді.
Түске таман шаһарға жетті. Қарсы алдарынан мысырлықтар алып келген
|