Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
142
бітіп қалды. Көз алдынан сол баяғы тарғыл-тарғыл киелі тас кетпей
қойды. Ол мұның алдына түсіп ап, шарықтың тасындай шыр көбелек
айналып, қашып бара жатыр екен дейді. Қанша қуғанмен жеткізер емес.
Шұбырған халықтың алды баяғыда Ыбырайым қағба салып жатқанда
жалғыз ұлы Ысмайылға бір жұтым су таба алмай əйелі Агөрдің жеті рет
айналып жүгіріп шыққан Саф пен Мəрудің арасындағы қойнауға жетті.
Екі өкпесін қолына алып, бұл да келді. Жан даусы шығып: «Хақ тағала,
қай қызметіңе де əзірмін» – деп айқай салып келеді. «Тек жұртқа жасаған
мейіріміңді маған да қия гөр» – деп екі етек боп жалбарынып келеді. Бірақ
тірсегінен қағып өтіп, шыркөбелек үйіріліп, шыр айнала қашып жүрген
қағбаның қасиетті тарғыл тасы бұған бəрібір жеткізер емес. Ол дауысым
Алланың құлағына тимей жатыр-ау деген кісіше, құрғап қалған көмейін
қаттырақ кенеп, бар күшін салып, айқайлады: «Лəббай...»
Əмірші əлдебір əжептарқы дауыстан оянып кетті. Жібек шатырдан
жұқалаңытып күн көрінеді. Шамасы таң əлдеқашан атса керек.
Сырттағы жұрттың күбір-күбірі құлағына талықсып жетеді. Əмірші
қасындағы кішкене қоңырауды сыңғыратып еді, есіктен қызметші кірді.
Аң аулауға лайық ықшам киім əзірлепті. Ол киініп сыртқа шыққанда, күн
тұсау бойы көтеріліп қалған екен. Аттың бəрі ерттеулі. Аңға қосатын
тазылар, дүрегей төбеттер, бөрібасарлар мен аю алатын салпы ауыз
арландар алақызып, жұлқынып қояды. Құсбегілердің қолындағы бүркіт,
қаршыға, ителгі, лашындар таңғы тыныш ауаны бастарына көтеріп,
жыртына шаңқылдасады. Мұнарсыз таңда қарлы шыңдар айнадай жарқы-
райды. Төңірек тып-тыныш. Тек төменнен, аңғар табанынан тау өзені
күркірейді. Мынау бес қаруы белінде, құс ұстап, ит ерткен қаһарлы
қалың дүбірден өздеріне ешқандай қауіп жоғын білетіндей, кішкене
жыршы құстар жақ жаппай сайрайды. Олардан басқа аң мен құс
əлдеқайда жымып кеткен. Əмірші анадай жерде қаз қатар тізілісе қалған
игі жақсыларға көзі түсті. Олар қоғадай иіліп, тағзым етіп жатыр. Əмірші
солғындау сəлем мезірет жасады да, екі нөкер жігіті ұстап тұрған атына
қонды. Садағын асты. Шоғыр-шоғыр жұрт үзеңгіге аяқ салысты.
Кернейдің дөрекі үні қойнау үстінде көлкіп тұрған көк шəйідей көк ніл
ауаны дар-дар жыртып, барқырай жөнелді.
Соңдарына кернейшілер мен дабылшылар ерткен аң қайырмалайтын
шолғыншылар елдің ең алдымен аттанды. Олар топ-топ боп, аң жатар
жыражықпылы мол, жынысы қалың ұрымтал тұстарға беттеді. Олар жол-
жөнекей аң ұшырасса, игі жақсылар қапыда қалмайтын ашық
алаңқайларға айдап шығады. Əмірші мен игі жақсылардың көк
желкесінде көлденең қауіптен бас-көз болатын көп нөкер келеді.
Самсап шатырлар қонған салтанатты қосқа азын-аулақ қарулы сақшылар
тасталды
да,
басқа
жұрт
аң
қуатын
қойнауға
ағылды.
Аң
қайырмалайтындар ақ бас шыңдарға барып бір-ақ тірелетін сілем-сілем
тар қолаттарды сүзіп кетті де, былайғы жұрт етектегі кең алқапңа бағыт
түзеді. Тамақ пісіретін аспаздар таң атпай жатып қатар-қатар жер ошақ
|