Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
148
бетінен үңі-рейіп үңгір көрінеді. Сол үңгірдің аузында əлдене еміс-еміс
бозаңытады. Күйме жақындаған сайын əлгі бозараң-даған нəрсе айқындала
түсті. Жақпар-жақпар қара жартастың көлеңкесінде ақ сəлделі қария отыр.
Етекке салдыратып шауып кеп, түсіп жатқан ылдырмақ-шылдырмақты
салтанатты күймені көрсе көріп те отырған шығар, бірақ селк еткен жоқ.
Сол құбылаға жүзін тосып телміріп отырған қалпынан қыбыр етпеді.
Əмірші қасындағы нөкерін етекке тастап, киелі үңгірдің аузында көлеңкелеп
отырған кəрі піріне ылғи да тек бір өзі ғана көтерілетін. Бұл жолы да сол
əдетімеч биік шоқының басына жаяулатып шығып келеді. Қандай алыс сапарға
аттансын мейлі, қандай падишаның тəжі мен тағына сұқтансын мейлі, ол қай
жорығын да əуелі осы бір біраз жерге дейін құмақтатып барып, сосын бірдей
тайғанақ саз шаппа биікке тіп-тіке өрмелейтін бұралаң соқпақтан бастаған-ды.
Ол қай дұшпанымен ұстасарда, ең алдымен сонау жақпар жартастың түбінде
кəрі күшігендей шөмиіп отырған шынашақтай қара шалдың шоқша сақалын
бір сипатып батасын алатын. Сосын Байтақ шаһардағы ең үлкен мешітке
барып намазға жығылатын. Алыс жорыққа сосын аттанатын. Сол алыс сапар,
қиын жорықтардың қай-қайсысында да жанына ауыртпалық түсіріп,
қиналатын жер осы бір жаяуға жеткізіп болмайтын жандатпа бауырды.
Əркімдердің тақасы тиіп, жылмағайланып қалған саздақ соқпаққа өкшесі
тұрмай тайғанақтай береді. Ол осы бір қара шоқының басына қашан да
болдыртып шығатын. Бұл жолы ə дегеннен-ақ жіліншігі жеміріліп қоя берді.
Əлсін-əлі тоқтап бел жазып алады. Бірақ екі бұғанасына қорғасын қаптап
қойғандай, барған сайын бексесі зіл тартып, аяғы ұйып барады. Тынысы да бітіп
қалды. Сонау етекте қалғандар алтын тəжді падишаның үпірсең ұшып
кететіндей қаңғалақтаған қара шалға бола осынша азаптанатынына қайран
қалып тұратын шығар.
Ал алып қара жартастың астындағы құмандай қара шал биік жарға алқынып-
аптығып шығып келе жатқан падишаны елең етпей, бетін құбыладан аудармай
безеріп отыра береді. Шақшадай басына дағарадай ақ сəлде орап апты. Қушық
кішкене бетіне сұс беретін бір уыс сұйқылт шоқша сақалы əуелеп қапты.
Шұңірек қастың астында сығалап жататын күлгін кегіс жылтырақ көзін бұл
жолы тарс жұмып алыпты. Падиша биік жардан шығып, ентігін басып,
жөткірінгенде де тырп еткен жоқ. Күнге қурап қалған көнетоз бозғылт
шапанының етегі жырым-жырым. Дəл сондай күн күйдірген ақ жем ұзын тіз
киімнің жалба-жұлба балағынан жалаңаш тілерсегі көрінеді. Тілім-тілім боп
жарылып кетіпті. Қолындағы аса таяқты мытып ұстап апты. Тарамыс
қолындағы бар сіңір, бар тамыр бадырайып-бадырайып шығып тұр. Пір
əлденеге ұйып қалған.
Падиша қашан қарсы алдына жер тізерлеп, қол қусырып, бас игенде барып,
көзін сығырайтты. Сосын тым кекшие қалған басын түзеп, тіктеліп отырды.
Керенаулау тіл қатып, жен сұрады. Əмірші жөнін айтты. Пір сол қаққан
қазықтай қалпы. Сөзін салғырт тыңдады. Кеңсірігі əнтек ілгері шығып кеткен
қоңқақ мұрынның астына көлденең сұлап түскен көгіс қаймыжық ерінге
əлденеше рет мысқыл жүгіргендей болды. Əмірші соны байқап, сəл кідіріп
|